Қарағандыдағы қаза тапқан кеншілердің туыстары Тоқаевтан ескерткіш орнатуға көмек көрсетуді сұрады

   Қарағанды.26 ақпан.ҚазТАГ- Қарағандыдағы Костенко шахтасында қаза тапқан кеншілердің туыстары Президенттен ескерткіш орнатуға көмек сұрайды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
   «Біздер, қайтыс болған қаһарман кеншілердің отбасылары, бірнеше мәрте жергілікті органдарға барып, бұл өтінішімізді айтқан едік. Азаматтарымызды қайтара алмаймыз, алайда олардың ерлікпен қаза болуы ескерткіш ретінде орнатылса дейміз. Болашақта балаларымыз, немерелеріміз басына барып, құрметпен еске алса. Біздің өңірде әртүрлі шахтаға арналған ескерткіштер бар, бірақ шахта жұмысын тоқтатқан кезде олар да қараусыз қалып жатыр. Сондықтан ескерткіш жақындарымыз қаза болған жерде емес, кеншілер қаласы Қарағандының ортасында орнатылса дейміз. Осы өтінішке қолдау көрсетіп, ескерткіштің орнатылуын қадағалай отырып, тездетуін сұраймыз», – дейді видеожазбада жиналғандар.
   Айта кетейік, 28 қазанға қараған түні Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада болған жарылыстан 46 кенші қаза тауып, 20-дан аса кенші зардап шекті.

adimage