Қарағандыдағы «Жаңа орталық» құрылысы жеке инвесторлардың көмегімен салынуда

Қарағанды. 5 қазан. ҚазТАГ - Қарағандыдағы «Жаңа орталық» құрылысы  жеке инвесторлардың көмегімен салынуда, деп хабарлады Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

«Жаңа орталық» құрылысы бойынша дирекция отырысында инвесторларды тарту туралы хабарланды, қоршаған ортаны қорғау саласына заманауи тәсілдерді тарту, аумақтарды абаттандыру және т.б. талқыланды», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.  

Отырыста Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Тайхан Қалмаханов «Жаңа орталық» ауданының игерілуі туралы хабардар етті. Сосын «Кеңдала» ықшамауданындағы мектеп және балабақша аумақтарының абаттандырылуы қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша дирекция тиісті жауапты органдарға «Жаңа орталықты» игеру бойынша жұмыстарды жалғастыру тапсырылды.  

Хабарда түсіндірілгендей, ағымдағы жылдың мамыр айында Қарағанды облысы мен қала басшылығы Республика даңғылынан «Көк бөгеттерге» дейінгі ауданды «Жаңа орталық» сала отырып, игеру туралы шешім қабылдаған еді. Осы мақсатта мүдделі органдардың, сәулет, қала құрылысы мамандары, сарапшылар құрамынан облыс әкімінің бірінші орынбасарының төрағалығымен дирекция түрінде тұрақты жұмыс жасайтын орган құрылды. Аталмыш  дирекция жоспарланып жатқан «Жаңа орталық» ауданының бірыңғай қала құрылысы және сәулет саясатын жүзеге асыру мақсатында құрылған.  

Дирекция отырыстары да тұрақты негізде өтіп тұрады.  

adimage