Қарағандыда жаппай ЖКО салдарынан үш адам зардап шекті

Күні: 11:36, 25-02-2019.

Алматы. 25 ақпан. ҚазТАГ - Қарағандыда жаппай ЖКО салдарынан үш адам зардап шекті, деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаменті (ПД) баспасөз қызметінен.
«25 ақпанда Toyota Highlander көлігінің 39 жасар жүргізушісі Көгілдір тоғандар ықшамауданына қарай жүріп келе жатып, алдын-ала ақпар бойынша рөлді басқара алмай, қарсы жолға шығып кетіп, 37 жасар жүргізуші айдап келе жатқан Mitsubishi Pajero көлігімен соқтығысқан. ЖКО салдарынан төрт автокөлік соқтығысқан, соның ішінде жолаушылар автобусы да бар. ЖКО салдарынан үш адам ОМО-ға (облыстық медициналық орталық- ҚазТАГ) жеткізілді», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, полицейлер ЖКО жағдайын анықтауда, соның нәтижесі бойынша кінәлілер әкімшілік жауапқа тартылатын болады.


Жаңалықтармен бөлісу: