Қарағандыда жеңіл көлік жүргізушісі жүргіншілер жолында адамды қағып кетті

Қарағанды. 25 қараша. ҚазТАГ – Қарағандыда жеңіл көлік жүргізушісі жүргіншілер жолында адамды қағып кетті, деп хабарлады ҚазТАГ.
«24 қарашада шамамен 18.30-да Suzuki көлігінің 35 жасар жүргізушісі алдын-ала болжам бойынша Н.Әбдіров даңғылы бойында Гоголь көшесімен келе жатып, жаяу жүргіншілер бөлігімен бағдаршамның қызыл жарығына өтіп бара жатқан 59 жасар ер адамды қағып кетті», – деді сәрсенбі күні Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінен.
Хабарда нақтыланғандай, ЖКО салдарынан ер адам түрлі жарақатымен ауруханаға жеткізілген.
Оқиға полицияда тіркелді. Сараптамалар тағайындалды, солардың нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.