«Тапсырыс беруші – «Қарағанды қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі; атауы - работы по текущему ремонту магистральных теплопроводных сетей/отопительных сетей («магистральдық жылумен жабдықтау желілерін/жылу желілерін ағымдағы жөндеу жұмыстары», қазақ тіліндегі хабарландыруда лоттың атауы орыс тілінде жазылған – ҚазТАГ); қосымша сипаттамасы - Әлихан Бөкейхан атындағы ауданында жылу желілерін ағымдағы жөндеу; саны - бір; өлшем бірлік - жұмыс; жоспарлы сома - Т1 492 526 764,28», - деп мелекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.
Сондай-ақ, осы хабарландыруда тағы екі лот сипатталған: Қазыбек би ауданында жылу желілерін ағымдағы жөндеу, жоспарлы сомасы Т1 776 172 787,49 және Қарағанды қаласының жылу желілерін ағымдағы жөндеу жұмыстары, жоспарлы сомасы Т2 088 431 047,31 құрайды.
Үш лот бойынша жалпы жоспарлы сома - Т5 357 130 599,08.
Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 25 сәуір мен 6 мамыр аралығында өтеді.
Фото көзі: snpoteplopribor.ru