Алматы. 24 қыркүйек. ҚазТАГ - Қарағандыдан Томск пен Новокузнецк қалаларына жүретін жаңа автобус бағыттары іске қосылды, деп хабарлады Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметінен.
«Аптасына бір рет қарағандылық автовокзалдан енді «Қарағанды-Новокузнецк» және қосымша «Қарағанды-Томск» бағыттарында халықаралық автобустар жүретін болады. Екі маршрутта да Новосібірге аялдау қарастырылған», - делінген дүйсенбіде әкімдік сайтындағы хабарда.
Автобустар әр жексенбі 18.30-да жүреді. Томскке дейін билет 14 050 теңгені құрайды, жол жүру уақыты 25 сағат. Новокузнецкке дейін 16 450 теңгеге 27 сағатта жетуге болады.
Билеттер алдын ала сатылады, олар аттануға дейін 30 күн бұрын сатыла бастайды. Оларды автовокзалдың кассасында сатып алуға болады. Бұған қоса, кестеге «Қарағанды-Шымкент» қосымша автобустары қосылды – аттану уақыты 19.00 және «Қарағанды-Балқаш» бағыты – аттану уақыты 17.30.
Қарағандыдан Томск пен Новокузнецк қалаларына жүретін жаңа автобус бағыттары іске қосылды
