Қарағандылық полицейлер мен құтқарушылар үшін жаңа техника сатып алуға Т850 млн астам жұмсады

Күні: 11:36, 18-10-2018.

Алматы. 18 қазан. ҚазТАГ – Қарағандылық полицейлер мен құтқарушылар  үшін жаңа техника сатып алуға Т850 млн астам жұмсалды, деп хабарлады Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
«Қарағандылық полицейлер мен құтқарушылар үшін жаңа техника сатып алуға Т850 млн. астам жұмсалды.  (…) Полиция үшін арнайы автокөлік сатып алуға 648,5 млн теңге жұмсалған. Құтқарушыларға арналған арнайы техниканы сатып алу 206,2 млн теңге жұмсалды», - делінген хабарда.
Хабарда нақтыланғандай, Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов ІІД және ТЖД басшылықтарына жаңа автокөліктердің және арнайы техниканың кілттерін табыс етті.
«Жыл сайын облыстың ІІД және ТЖД материалдық-техникалық қамтамасыз етілуіне облыстық бюджеттен қаражат бөлінеді. Өткен жылы біз полицейлерге 150 қызметтік көліктердің кілттерін табыс еттік. Бүгін полиция тағы 127 көлік, ал құтқарушыларымыз – 10 бірлік арнайы техника алып отыр», - деп атап өтті Қарағандының Тәуелсіздік алаңында өткен салтанатты шарада Е.Қошанов.


Жаңалықтармен бөлісу: