Қара металлургия компаниялары өндірістерін 2%-ға қысқартты - ҚР ИИДМ

Астана. 11 тамыз. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. Қазақстанның қара металлургиясында өндіріс көлемі 2020 жылдың жеті айында 98% құрады, деп мәлім етті ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов.
«Қара металлургияда өндіріс көлемінің индексі 98% құрады», - деді Атамқұлов сейсенбідегі Қазақстан үкіметінің онлайн отырысында.
Оның айтуынша, өндіріс көлемі әсіресе «Арселор Миттал Теміртау» АҚ компаниясында төмендеген, олар шойын өндірісін - 8%, болат - 3% қысқартқан.
Сонымен қатар, «АРБЗ» ЖШС («Ақтөбе рельсбелағаштық зауыты») рельс өндірісін 10,6% төмендетті, «ТМК Казтрубпром» ЖШС – болат құбырлар өндірісін - 12%, «Кастинг» ЖШС арматура, шар, жұмырағаштардың тауарлы шығарылымын - 1%, «ТЭМК» ЖШС – ферроқорытпаларды - 25%,  «Теміртау электрометаллургия комбинаты» ЖШС – ферроқорытпалар өндірісін 26%-ға қысқартты.

adimage