Қарақшылық жасады деген күдікпен мемлекетаралық іздеу жарияланған кәмелетке толмаған бала Атырауда ұсталды

Атырау. 4 сәуір. ҚазТАГ – Қарақшылық жасады деген күдікпен мемлекетаралық іздеу жарияланған кәмелетке толмаған бала Атырауда ұсталды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«17-жасар жасөспірім былтыр Шымкентте болған қарақшалық оқиғасын жасады деген күдікке ілінген болатын, оған мемлекетаралық іздеу жарияланды, кейін атыраулық полицейлер ұстаған», - деп хабарлады бейсенбіде Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Күдікті қамауға алынды, ҚР ҚК 192 бабы 2 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

adimage