Қарабұтақ-Қостанай тас жолының бөлігінде қозғалыс шектелді

Астана. 12 желтоқсан. ҚазТАГ - Қарабұтақ – Комсомол – Денисовка – Рудный – Қостанай тас жолының бөлігінде қозғалыс шектелді, деп хабарлады ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен сәрсенбі күні.
«Ауа райы жағдайына байланысты (жаңбыр, көктайғақ) Қарабұтақ – Комсомол – Денисовка – Рудный – Қостанай тас жолының 0-234 км, Қарабұтақ ауылынан Қостанай облысына дейінгі аралықта көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Жолда кездейсоқ жағдай туындаған жағдайда республикалық маңыздағы жолды пайдаланушылар қалалық телефон нөмірі арқылы +7 7172 444 777, сондай-ақ диспетчерлік қызметтің мобильді телефоны мен WhatsApp нөміріне хабарласа алады +7 771 7444 777.

adimage