Арал маңында тұз шығаратын тағы бір кәсіпорын ашылады

Қызылорда. 24 сәуір. ҚазТАГ – Қызылорда облысын индустриалды дамытудың өңірлік картасына талқылаудан кейін тағы бір жоба енгізілді – тұз өндіру, қайта өңдеу және байыту жөніндегі кешен құрылысы, деп хабарлады облыстық әкімдіктен.  
  «BSK Каратау» ЖШС ресейлік инвесторлармен бірге тұз өндірісі бойынша өңірде тағы бір зауыт құрылысын жоспарлауда», - делінген әкімдік хабарында.  
  «BSK Каратау»ЖШС-ның  «Тұз өндіру, қайта өңдеу және байыту жөніндегі өнеркәсіп кешенінің құрылысы және қызметі» жаңа жобасының құны - 2,9 млрд теңге. Толық қуатқа шыққанда кәсіпорын жылына 300 мың тонна тұз шығаруға қабілетті болады. Құрылыс кезеңінде, ал ол 2018-2019 жылдар, бұл жерде 100 адам жұмысқа тартылады деп жоспарлануда, ал ашылғаннан кейін комбинат 500-дей адамды жұмыспен қамтымақ», - деді Қызылорда облысы әкімдігінен.  
Еске салсақ, Қызылорда облысы Арал ауданында «Аралтұз» АҚ комбинатының жұмыс жасап келе жатқанына ондаған жыл болды. Ол ас тұзын Қазақстан нарығы мен сыртқа шығарады және айналымын да арттырып жатыр.  
«Өндіріс құрылымында бізде 65%-ды ас тұзы иеленіп отыр. Соңғы бес жылда комбинат өнімінің сатылым көлемі 2,9 есе артты», - деді «Аралтұз» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Даурен Мұқашев.
Оның ақпарынша, «Аралтұз» АҚ өнімін сату құрылымында нарықтың 70%-ын РФ, ішкі нарық - 29%, басқалары – 1% иеленіп отыр.
«Жалпы кәсіпорын өнімнің 23-тен астам түрін шығарады, тұздың бірінші секілді, нөлінші деңгейде тартылған тұз, брикеттелген жемдік тұз шығарады, енді желіде тұз таблеткалары да пайда болды», - деді Д. Мұқашев.

adimage