Аралды құтқаруға халықаралық донорлар $3 млрд жұмсайды

Күні: 12:02, 30-10-2014.

Алматы. 30 қазан. ҚазТАГ - Аралды құтқаруға халықаралық донорлар $3 млрд жұмсайды, деп хабарлады Өзбек телеграф агенттігі   (ӨзТАГ).
Хабарда айтылғандай, Үргеніште жақында «Экологиялық апат салдарын жеңілдету бойынша Арал теңізі бассейні өңіріндегі ынтымақтастықты дамыту» тақырыбындағы халықаралық конференция аяқталды.  
«Конференция қорытындысы бойынша Арал апатының салдарымен күресуге бағытталған 30 түрлі құжатқа қол қойылды. Олардың жалпы құны - $3 млрд. Оның ішінде   $1,9 млрд - жеңілдік несиелері, $200 млн - гранттар мен техникалық көмек қаражаттары», - деп атап өтті конференция қорытындысы бойынша Өзбекстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Рустам Азимов.
Еске салсақ, БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун бұған дейін Арал теңізінің экологиялық апатының алдын алуда халықаралық донорлардың белсенді түрде қатысу керектігін мәлімдеген болатын.  


Жаңалықтармен бөлісу: