Қарамағындағылар пара алғаны үшін басшысының отставкаға кетуі заңмен бекітіледі - Қожамжаров

Күні: 13:04, 23-10-2014.

Астана. 23 қазан. ҚазТАГ - Бауыржан Мұқанов. Егер қарамағындағылар пара алған деп айыпталса, оның басшысының отставкаға кетуі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңмен бекітіледі, деп мәлімдеді ҚР мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров.  

«Иә, біз бұл норманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы жаңа заңға енгізуге ұсынамыз», - деді бейсенбіде Қ.Қожамжаров ҚР парламенті сенатының кулуарында журналистерге.

Ол қазір саяси мемлекеттік қызметкерлерге қатысты мемлекеттік қызметтен өту туралы ереженің қолданыста екенін түсіндірді.

«Бұл түзету 2013 жылы жасалған, және сол түзетуде басшының немесе саяси мемлекеттік қызметкердің қарамағындағы біреу жемқорлық қылмысы үшін сотталса, және үкім заңды күшіне енсе, онда басшы оттавкаға кету керек деп айтылған. Ол үшін жемқорлық қылмысқа жол берген қарамағындағы адамды ол өзі тағайындаған немесе оның келісімімен тағайындалған болуы керек», - деп атап өтті ведомство басшысы.  

Қ.Қожамжаров отставкаға кету туралы өтініш мемлекет басшысының атына жазылатынын және бір ай ішінде қаралатынын еске салды.  


Жаңалықтармен бөлісу: