Алматы. 28 қазан. ҚазТАГ – Владимир Радионов. Қарашаның алғашқы екі онкүндігінде Қазақстанның оңтүстігінде ауа температурасы +22 градусқа дейін жылиды, деп болжап отыр «Қазгидромет» РМК.
«Алдын-ала болжам бойынша қарашаның бірінші, екінші онкүндігінде Қазақстанның бірқатар аудандарында күн жылынады, алайда жылы күндер әлсіз аяздармен, жауын-шашынмен қатты желмен алмасып отырады. Жекелеген аудандарда аздаған мұз қатуы да мүмкін», - деп хабарлады гидромет орталығының жетекші инженері Айгүл Мыңжанова сейсенбіде.
Ол батыс өңірлерде ауа температурасының түнде -9+2, күндіз +10+18 градус аралығында құбылып тұратынын айтты. Еліміздің оңтүстік батысында, оңтүстігінде, оңтүстік шығысында одан да жылы болады: түнде -2-11, күндіз +3 +22 аралығында құбылып тұрады. Қазақстанның солтүстік және орталық облыстарында тәуліктік құбылу түнде -6+5, күндіз 0+13 градус аралығында болады. Қарашада еліміздің шығысында ғана салқын болады: түнде -10 градус және күндіз +10.
А. Мыңжанова аталмыш температураның қалыпты құбылыс екенін, тек Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасының 1-2 градусқа жоғары болатынын атап өтті.
«Қараша айының үшінші онкүндігінде ауа температурасы салқындайды, оңтүстік өңірлерде - 20 градус болса, солтүстікте, шығыста және орталықта -30 градусқа дейін төмендейді», - деді синоптик.
Қатысты сілтемелер
-
Тоқаев климаттың өзгеруі бойынша БҰҰ конференциясына қатысу үшін Дубайға келді1 Желтоқсан 2023, 16:31
-
Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын, қар күтіледі1 Желтоқсан 2023, 14:47
-
Ұлттық қордан трансферттерге және «ҚазМұнайГаз» АҚ акцияларына $1,32 млрд жұмсалды1 Желтоқсан 2023, 12:50