Қарашығанақ карантинге жабылды

Алматы. 25 мамыр. ҚазТАГ – «Қарашығанақ» кен орны карантинге жабылды, деп хабарлады Қазақстандағы COVID-2019 жағдайына арналған ресми интернет-ресурстан.
«Қарашығанақ» кен орнында 5 маусымға дейін карантин енгізілді: аумаққа көлік құралдарына кіруге және шығуға тыйым салынған; адамдардың 19.00-07.00 аралығында вахталық ауылдар ішінде және арасында жүруіне тыйым салынған; қабаттар арасында, бөлмелер арасында бақылау жасау үшін бейнебақылау орнатылады; жаңадан келген жұмысшылар ауысымға COVID-2019 (ПТР тәсілі) тапсырған зертханалық талдамасының нәтижесі теріс болған жағдайда ғана жіберіледі - 5 күнтізбелік күнге дейін жарамды», – деп мәлімдеді Батыс Қазақстан облысының бас санитарлық дәрігері Мұхамғали Арыспаев жексенбі күні.

adimage