Ардақ Тиес ТЖМ аппаратының басшысы қызметінен босатылды

    Астана.2 маусым.ҚазТАГ- Ардақ Тиес Төтенше жағдайлар министрлігі аппаратының басшысы қызметінен босатылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
   "ҚР төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Ардақ Сиязбекұлы Тиес берген өтінішіне сәйкес ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі аппаратының басшысы қызметінен босатылды", - делінген жұма күнгі хабарламада.
   Тиес 2021 жылдың ақпан айынан бастап ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің аппарат басшысы қызметін атқарды.

adimage