Қармақшы ауданында Қазақстан халқы тілдері мерекесінің салтанаты өтті

Қызылорда. 23 қыркүйек. ҚазТАГ - Бүгін Қармақшы ауданында Қазақстан халқы тілдері мерекесінің салтанаты өтті, деп хабарлады агеніттік тілшісі.

«Жалпы, тіл  адам мен адамды, халық пен халықты жақындастыратын ерекше құрал, достықтың пен бірліктің негізі. Дәл осы бірлік Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуында елеулі табыстарға қол жеткізуіне тікелей әсер етуде. Әсіресе, Отандастарымызды бір мүддеге ұйымдастыруда, біріктіруде мемлекеттік тіл - қазақ тілінің маңызы мен ролі ерекше», - деген аудан әкімінің орынбасары Болат Накипов айтулы мерекемен барша жерлестерді құттықтады.

Әр түрлі тақы-рыпта қалам тербеп, үлгілі қызмет ат-қа-рып жүрген бір топ тіл жанашырларына Алғыс хатпен марапатталып, сый-сияпат жасалды.

Мерекелік салтанатта «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орын-басары Күлжауһар Раева құттықтау сөз сөйлесе, халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» аудандық филиалы төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов тілдер мерекесі аясында мектеп оқу-шылары арасында өткізілген «Туған тілім-ті-регім» атты мүшәйраның жеңімпаздарын марапаттады. Мүшәйраның Бас жүлдесін иемденген №30 орта мектептің оқушысы Гүлфариза Кеңшілікованың «Қазақ тілі» өлеңі көпшіліктің көңілінен шықты.

Шарада аудан көркемөнерпаздары ән мен жырдан шашу шашып, мереке ажарын айшықтай түсті. Жас ұландықтар әдеби қойылым ұсынды.

adimage