Қармақшылық палуандар барлық қарсыластардан басым түсті

Қызылорда. 12 қазан. ҚазТАГ - Қазақ хандығының 550 жылдығы шеңберінде Тараздағы «Тараз Арена» спорт кешенінде қазақ күресінен ІІІ халықаралық «Еуразия барысы» турнирінде Қармақшылық балуандар қарсыластарынан басым түсті, деп хабарлады Қызылорда облыстық ішкі саясат бөлімінен.
Хабарда атап көрсетілгендей, сегіз мемлекеттің балуандары сынға түскен дүбірлі додада Қазақстан құрамасы топ жарып, жарыстың екі дүркін жеңімпазы атанды.
Кілемде Грузия, Қырғызстан, Моңғолия, Польша, Ресей, Түркия, Өзбекстан және Қазақстан балуандары бақ сынады. Күрес шеберлері 55, 66, 74, 82, 90, 100 және 100 кг жоғары салмақ дәрежелерінде командалық бәсекеде бақ сынады.
Қазақстан құрама командасы өз кезегінде Польша, Ресей палуандарынан басым түсіп, финалда Өзбекстан құрама командасынан басым түсті.
Ұлттық құрама команда сапында жерлестеріміз СӘЛІМГЕРЕЕВ НҰРЫМ (100 кг) және АБДРАХМАНОВ ҒАЛЫМЖАНДАР (66 кг) бақ сынап барлық қарсыластарынан басым түсті. Аталған палуандар бұған дейін бірнеше халықаралық жарыстарда топ жарған, Нұрым «Қазақстан Республикасының спорт шебері», Ғалымжан қазақ күресінен Әлем чемпионы және «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері».  Спортшыларды жарысқа дайындаған «Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы» Серікбаев Әділбек.

adimage