Арман Шәйкенов: бірінші кезекте балабақшадан емес өзімізден бастау керек

Алматы. 15 қыркүйек. ҚазТАГ - Владимир Радионов. Қазақстандағы жемқорлыққа қарсы білім болашағы мен проблемаларын сараптамалық талқылауда жемқорлыққа қарсы әрекетті балабақшадан бастап сіңіру және насихаттау туралы ұсыныс жасалды. Бұл бастаманы ҚР Мелекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы агенттігі ақпараттандыру және қоғаммен өзара іс-қимыл басқармасының басшысы Арман Өтепов.

КИМЭП университетінің құқық мектебінің ұстазы Арман Шәйкенов сол пікірталас барысында жемқорлыққа қарсы мәдениетті өзіңнен бастап қалыптастыру керек деген пікірін білдірді. Сонымен қатар, ол өзінің құрылымы бойынша жемқорлыққа қарсы бірегей жобаны енгізуді ұсынды: заңгерлер нақты сот шешімдері бойынша талдау жасайтын интернет ресурсты құруды ұсынды. Осылайша заңгер ішіндегі жемқорлық тым шектен шығып кеткен сот жүйесіне қоғамдық бақылауды ұсынады. Осы ретте, біз сарапшыдан бірқатар сұрақтарымызға жауап беруін сұрадық.

- Арман, жемқорлыққа қарсы білім беруді балабақшадан бастау ұсынысы туралы ойыңыз қандай?

-Перзентханадан, балабақшадан немесе белгілі бір жаста бастау керектігі туралы ештеме білмеймін, білерім бірінші кезекте өзіңнен бастауын керек. Егер әкесі ішімдікке салынған болса, онда оның балаларына ішімдікті ішуге тиым салуы соншалықты әсерлі болмайды. Менің құрметті әріптесімнің сөзіне деген көзқарасым осы.

- Мені алайықшы: көлік жүргізу куәлігін сатып алған жоқпын, пара бермеймін - және менің балам осыны көріп отыр. Көшеде, мектепте ол мүлдем бөлек дүние көреді. Пара беру арқылы көптеген мәселелерді шешуге болады, ал менікі - жоқ...

- Өзіңнің балаң үшін оны қоршаған жемқорларға қарағанда беделі басым болғаны жөн. Балаларыма әділ өмір сүрудің өзі жетістік екенін және қылмыс түбі жаза болатынын айтып отырамын. Бұл шынайы әлеуметтік табыс парадигмасының ауысуының шынайы жүзеге асуы.

- «Әлеуметтік табыстың парадигмасы» - тым әсіре сілтеу емес пе …

- Қазір түсіндіремін. Кез-келген қазақ ауылына барып, 14 жастағы баладан кім болғың келеді деп сұрасаңыз ол полиция қызметкері немесе лауазымды қызметкер болғысы келетінін айтады. Ол жемқорлыққа белшесінен батқан, сыйлы, осылайша әлеуметтік тұрғыда табысты. Егер осындай шенеуніктің образын әлеуметтік табысты үлгі ретінде қабылдау тоқтатылса жемқорлықты жеңдім деп ойлай беріңіз.

- Сіздің ойыңызша жемқорлықты жеңуге бола ма?

- Қоғамды жемқорлықпен бұзудың үш кезеңін атап өтейін: жекелей- ол әрқашен және әр жерде кездеседі, жағдайдан жағдайға дейін; жүйелік - мемлекеттік аппаратты толығымен бұзады; жаппай - бұл тұрғындардың басым көпшілігінің миында бар. Жекелей жемқорлықты жою мүмкін емес, қылмыстың өзінде түбегейлі жоя алмайсын ғой. Мемлекет тарихында мың жылда бірде бір қылмысты болдырмау ол мүмкін емес. Алайда оны қолайлы, керек десеңіз өркениетті деңгейге келтіру қалыпты жағдай.

Түрлі зерттеулерде анықталатын жемқорлықты қабылдау индексі мен өзге де көрсеткіштерге назар аударатын болсаңыздар осы тұрғыда сап-сау мемлекетердің бар екенін көресіздер. Ал, жемқорлықты modus vivendi, өмір сүру тәсілі ретінде жоюға болады және егемендігімізден айырылып қалғымыз келмесе көзін құртуымыз керек. Білім беру осы салада жеңіске жеткізетін жалғыз жол.

- Ол неге негізделуі керек?

- Білім беруді кең ауқымда айтып отырмын. Бұл жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Ол жемқорлыққа деген қоғамдық толерантты мәдениетті төмендету. Бұл табыс парадигмасын ауыстыру, ол туралы жоғарыда айтып кеттім. Рас, білім беру жақын арада жемқорлыққа қарсы ешқандай әсер етпейді. Алайда екі-үш ұрпақ ішінде сел орнынан қозғалады.

- Ал реформаға сенбейсіз бе?

- Ол үшін саяси ерік керек.Қазақстанның бүгінгі саяси ерігін көріп тұрып оған сенбеймін. Ал саясатқа роформаның жаңа үлгілері тек ревалюция арқылы келеді. Ол үшін Балтық жағалауы, Грузия, Украина, тіпті Гонконгтағы реформалар бұл елдер үшін жемқорлыққа батқан жүйені күштеп сындыру арқылы келді. Біз Қазақстанда осының болғанын қалаймыз деп ойламаймын.

- Өзіңіздің сот жүйесіндегі жемқорлық деңгейіне әсер ететін интернет-ресурс туралы ұсынысыңыз жайлы толығырақ айтып беріңізші.

- Мен өзіме оны жақсы атағы шыққан, абыройлы заңгерлер заңды түсініктеме ғана емес, сонымен қатар заңды күшіне енген сот шешіміне қатысты теориялық заңгерлік талдау жүргізеді деп елестетемін. Бұл заңгерлік және іскер қоғамның сот жүйесіне бақылауы болады. Кез-келген шешім талдауға түсуі керек емес екені түсінікті. Мүмкін аталмыш сот шешімдерін алдын-ала сараптайтын әкімшілік топ болатын шығар.

Заңгерлік әдіспен біз сот жүйесіне әсер ете алмаймыз, себебі ол әділетті басқарады және оны сыбайластырады. Жоғарыда айтқанымдай саяси ерікті реформалауға сенім жоқ, себебі саясаткерлердің өзі жемқорлыққа белшесінен батқан және олар өз табыс көзін өздері жоймайды.

Ал, кәсіби қоғамдық бақылау үлгісінің тиімділігі болуы мүмкін. Себебі кәсіби маман қандай да бір істі талдай бастағанда әділеттіліктің қаншалықты орын алғанын бірден айта алады. Содан кейін сот шешімі не себепті әділетсіз болғаны, яғни сот төрағасының біліктілігінің төмендігінен немесе оның жемқорлық әрекетінен екенін анықтау тіптен оңай болады.

Мұндай бақылау жоспары сот қызметінің жұмысына қысым келтіретін болады, ол айна іспетті болады және кез-келген судя оған ара-арасында қарап қоюға мәжбүр болмақ. Және онда мына жерде сіз мынадай шешім қабылдауыңыз керек болатын, ал мынауыңыз заңға қайшы деп шұқып тұрып көрсетіледі. Порталдың жұмысы барынша ашық болуы тиіс, статистикалық мәліметтерге де Қазақстанның әр азаматы қол жеткізе алатын болуы керек.

- Шын мәнінде бұл не береді? Судяға қанша дегенмен әсер ете алмаймыз ғой.

- Сіздер оған әсер етпеулеріңіз де керек. Егер оған әсер етеміз десеңіздер әділет сол кезде - ақ аяқталады. Бүгінде бізде негізсіз шығарылған сот шешімдері туралы ешқандай ақпарат жоқ. Осындай мәліметті тарататын болсақ, оның өзі үлкен қысым болмақ. Бір жаққа шығарда айнаға қарап таранамыз, ал судя болса өзінің кемшіліктерін түсіне бастайтын болады. Оның үстіне кейстарды талдау кәсіби маман үшін тек қызықты жұмыс қана емес, жемқорлықпен күрес саласындағы білім беруге келетін болсақ оларды заң университтерінің студенттерін оқыту барысында пайдалана аламыз.

- Сұхбатыңызға рахмет!

adimage