Армения мен Әзербайжан президенттері Таулы Карабах шиеленісін реттеу мәселесін талқылайды

Күні: 10:10, 27-10-2014.

Алматы. 27 қазан. ҚазТАГ – Парижде Әзербайжан президенті Ильхам Алиев пен Армения президенті Серж Саргсян Таулы-Карабах шиеленісін реттеу жолдарын талқылайды, деп хабарлады ресейлік ТАСС агенттігі.
Оларға бітістіруші ретінде Франция қатысады. Дүйсенбі күні, 27 қазанда, түске дейін Елисей сарайында француздардың президенті Франсуа Олланд алдымен бетпе-бет И. Әлиевпен, кейін С. Саргсянмен кездеседі. Тек содан кейін ғана кешкісін саммит өтіп, сол кезде үш президент бір үстел басында кездеседі.
Бұл ретте Париждегі кездесу қандай да нәтиже бере қалады деп ешкім күтпейді.
«Ұшжақты кездесудің ең басты мақсаты Әзербайжан мен Армения президенттерін келіссөздер басына отырғызу, үйлесімді ортақ тұстарын тауып, келешектегі шиеленісті реттеудің «жол картасының» негізі ретінде алу. Карабах шиеленісін реттеудің жалғыз жолы – бейбіт келісім. Басқа жол жоқ. Осыны барлық тарап түсінгені маңызды», - деді агенттікке француздардың дипломатиялық дерек көзі. Әзербайжан мен Армения президенттерінің Парижде кездесуі биыл жазда Таулы-Карабахтағы жағдай күрт суығалы бергі үшінші кездесуі. Мысалы, тамыз айында келіссөздер Мәскеудің арада жүруімен өткен болатын. Ол кезде шиеленісті аздап бәсеңдетудің реті келген. Әзербайжан мен Армения шекарасындағы жағдайдың тұрақталғанын Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Минскі тобының тең төрағалары да атап кеткенді. Оған Ресей, АҚШ және Франция кіреді. Бірақ шиеленіс тараптары нақты уағдаластыққа келмеді.
Ағымдағы жылы мамырда Олланд Оңтүстік Кавказға үш күндік турне жасау барысында Баку мен Ереванда болды. Дәл сол кезде ол Әлиев пен Саргсянға Таулы-Карабах проблемасы бойынша Парижде үшжақты кездесуді ұсынған болатын.


Жаңалықтармен бөлісу: