Арми-2019: қазақстандық кинологтар «қола» иемденді

Астана. 13 тамыз. ҚазТАГ - V Халықаралық армия ойындары-2019 (АрМИ-2019) аясында өткен «Адал дос» байқауында қазақстандық кинологтар «қола» иемденді, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің қызметтік ит өсіру оқу-жаттығу орталығында «Адал дос» халықаралық кинологтар конкурсының салтанатты жабылуы мен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті. Ресей кинологтарының командасы бірінші орынды, Беларусь пе Өзбекстан елі екінші орынды өзара бөліссе, ал қазақстандық әскери кинологтарға үшінші орын бұйырды», - делінген хабарда.
Ведомствода атап өткендей, аталған конкурс аясында кинологтар өздерінің қызметтік иттерімен күрделі бес кезеңнен өтті. Әскери қызметшілер атыс және дене даярлығы бойынша жарысып, қорғаныс ретінде қызметтік иттердің жұмысын, сонымен қатар «кинолог-ит» ретінде командалық және жинақылық жұмысты орындауды көрсетті.
«Еліміздің атынан Әскери полицияның әскери қызметшілері мен қызметтік иттері қатысты. Олар «Чемпиондар жарысы» кезеңінде ерекше көзге түсті. Әскери полиция кинологы ефрейтор Мағжан Жаңабеков өзінің қызметтік «Арно» атты итімен қалған қатысушыларды басып оза отырып 1 600 метр жолды 6 минут 6 секундта игеріп, атыс шептеріндегі барлық нысаналарды дәл көздеді. Қазылар, сондай-ақ қатысушылардың өзі дене даярлығы, сонымен қатар кәсіби даярлықта біздің әскери қызметшілердің жоғары деңгейін атап өтті. Бүгін біздің команда Қазақстанға оралатынын айта кеткен жөн», - деп хабарлады қорғанысминінен.
ҚР ҚМ еске салғандай, «Адал дос» халықаралық кинологтар конкурсы биыл Армия халықаралық ойындары аясында төртінші мәрте өткізіліп отыр. Осы уақыт ішінде оған Алжир, Беларусь, Қытай, Египет, Иран, Қазақстан мен Өзбекстан елдері қатысты.

adimage