Алматы. 8 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстандық команда Халықаралық Армия ойындарынан алғашқы наградаларды иемденді, деп хабарлады ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Мәскеу облысында өткен «Адал дос» байқауында біздің кинологтар командалардың рейтингі жоғары өкілдерінің арасындағы жеке біріншілікке талас ойындарында бірінші орынды иеленді», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
«Чемпиондар жарысы» кезеңі аясында кинолог, әскери полиция ефрейторы Мағжан Жаңабеков лақап аты «Арно» деген қызметтік итпен 6 минут 6 секунд ішінде 1600 метр қашықтықты еңсеріп, атыс шебіндегі барлық нысанаға дәл тигізді.
Байқаулардың алғашқы кезеңдерінің нәтижелері бойынша қазақстандық командалар үздік үштіктің қатарында келе жатыр.
Мәскеу облысындағы «Алабино» полигонының «Танктік биатлонында» біздің танкистер жарыстың екінші күнінің қорытындысы бойынша өз тобында бірінші орынды сақтап келеді. Экипаж 21 минут 50 секунд уақытымен үздік нәтиже көрсетті.
Рязаньда өткен «Авиадартс» байқауының бірінші кезеңінде біздің әскери ұшқыштар үздік дайындықтарын көрсетті. Су-25 жойғышының, МИ-35 және Ми-171Ш тікұшақтарының экипаждары алғашқы орынды иеленсе, Су-30СМ жойғышының ұшқышы үшінші орынды еншіледі.
Сонымен, турнирде екінші орынды Мәскеу түбіндегі Алабинода «Дала асханасы» конкурсының әскерилері мен Өзбекстандағы «Фориш» полигонында «Әскери-медициналық эстафета» командасы иеменді.
Брест қаласында (Беларусь) өткен байқауға қатысушы қазақстандық мергендер үздіктер үштігіне табан тіреді. Қазір олар жеке есеп қорытындысы бойынша үшінші орында келе жатыр.
Сонымен қатар, Әзірбайжандағы «Теңіз кубогі» конкурсында әскери теңізшілер жоғары нәтиже көрсетуде. Олар үшінші орынды иемденді.
Сондай-ақ, Моңғолиядағы оқу полигонында Қазақстанның әскери қызметкерлерінен құралған команда жаңа «Атты марафон» байқауында үшінші орынды иеленді.
Армения еліндегі «Соғыс және бейбітшілік» байқауының қатысушылары әскери-медициналық дайындықта бақ сынасты. Біздің команда кезеңді үшінші орынмен тәмамдады.
Бұдан басқа Қазақстанда басталған «Сенімді тәсіл» жарысында біздің байланысшылар 5 команда ішінде 281 балмен бірінші болды.
Еске салсақ, қазіргі таңда 10 елде бір мезетте Халықаралық Армия ойындарының 32 конкурсы өтіп жатыр. Оған әлемнің 39 елінен 223 команда қатысуда. Біздің әскерилер 16 конкурс бойынша бақ сынауда.
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстанда 1,2 мыңнан астам елді-мекен су тасқыны қаупі бар аймақта орналасқан
13 Ақпан 2025, 17:31 -
Астанада 26 бағдаршам объектісін салуға Т2,2 млрд-қа жуық жұмсамақ
13 Ақпан 2025, 17:16 -
Тоқаев «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестиваліне барды
13 Ақпан 2025, 16:42