«АрМИ-2019» әскери халықаралық ойындар аясында өткен медициналық эстафетада Қазақстанның әскери дәрігері жеңіске жетті

Күні: 11:29, 13-08-2019.

Астана. 13 тамыз. ҚырТАГ – «АрМИ-2019» әскери халықаралық ойындар аясында өткен медициналық эстафетада Қазақстанның әскери дәрігері жеңіске жетті. Деп хабарлады дүйсенбіде ҚР Қорғаныс минінен.
Хабарда айтылғандай, Өзбекстанның «Фориш» полигонында қазақстандық әскери дәрігерлер командасы «Әскери-медициналық эстафета» сайысында жоғары нәтижелер көрсетті. Кіші және орта медициналық персоналдар арасында өткен сайыстың «Жеке шеберлік» атты бірінші кезеңінде арнайы дағдылар мен кедергі жолақтарынан өтуді көрсетуден жаттығулар орындалды.
Әйелдер арасындағы жеке сынақтың қорытындысымен бірінші орынды медицина қызметінің аға лейтенанты Ақбөпе Таңатарова иеленіп, ерлер арасында медицина қызметінің аға лейтенанты Нұржан Қапезов ерекше көзге түсті. Жарыстың нәтижесімен ол үшінші орынды қанжығасына байлады.
Арнайы даярлық кезеңінің аясында әскери дәрігерлер жаралыларға көмек көрсету және оларды ұрыс алаңынан алып кету тапсырмаларын орындады. Атап айтқанда, жаралыларға жақындау, қанды уақытша тоқтату, жаралыны алып жүру, жүрек-өкпе ағзаларының жұмысын реттеу, алғашқы таңуды жүргізу және жауынгерді ұрыс алаңынан әкету.
Биыл әскери дәрігерлер сайысына 11 ел: Әзербайжан, Ангола, Армения, Беларусь, Въетнам, Зимбабве, Мьянма, Ресей, Қазақстан, Тәжікстан мен Өзбекстан қатысуда.
Еске салсақ, АрМИ-2019 3 тамызда басталды және 17 тамызға дейін жалғасады. Жарыстар 10 мемлекеттің аумағында өтіп жатыр: Әзірбайжан, Армения, Беларусия, Иран, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Моңғолия, Ресей және Өзбекстан.


Жаңалықтармен бөлісу: