«АрселорМиттал Теміртау»-ға 21 млн астам теңгеге экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін айыппұл салынды

Алматы. 27 наурыз. ҚазТАГ – Теміртау қаласының прокуратурасы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ қызметінен экологиялық заңнаманың көптеген бұзушылықтарын анықтады, деп хабарлады Қарағанды облысының прокуратурасынан.
«Соның ішінде атмосфералық ауаның ластану көзінен қалдықтар нормадан тыс шығарылған, тұрмыстық-шаруашылық ақпасулардың төгілуі және қалдықтарды тастау барысындағы экологиялық талаптардың сақталмауы, табиғатты пайдалану талаптары мен қазандықтардың технологиялық желісінің қолданылу талаптарының сақталмауы», - делінген хабарда.
Бұл ретте атап өтілгендей, тексеру нәтижесінде ҚР энергетика министрлігінің экологиялық реттеу және бақылау комитетінің атына қадағалау актісі енгізілді, оны қарау нәтижесінде АҚ жалпы сомасы 21 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салына отырып, (ӘҚбК 326, 328, 331, 332, 334 баптары бойынша) әкімшілік жауапқа тартылды.
«Онымен бір мезетте сот шешімімен облыстың экология департаментінің шағымы бойынша кәсіпорын мемлекетке 1,4 млрд теңге көлемінде келтірілген шығынды өндірді», - делінген хабарда.
«АрселорМиттал Теміртау» – Қазақстандағы ірі металлургиялық комбинат, оның ел нарығындағы үлесі – 38%. ArcelorMittal болат құятын концерн құрамына кіреді, ол қазақстандық комбинатты 1990 жылдардың ортасында сатып алған. Толығымен кіріктірілген қуаты жылына 5,5 млн тонна өнімді құрайтын металлургиялық өндіріс болып табылады. Компания 15 көмір шахтасы мен темір кені кеніштеріне иелік етеді.

adimage