Қарттар күніне орай 60 мыңға жуық астаналық зейнеткерТ5 мыңнан алады

Астана. 29 қыркүйек. ҚазТАГ - Қарттар күніне орай 60 мыңға жуық астаналық зейнеткерлерге Т5 мың көлемінде материалдық көмек көрсетіледі, деп хабарлады астана әкімінің баспасөз қызметінен.  

«Елорданың 58 мың зейнеткеріне (ең төмен мөлшердегі зейнетақы алушылардан басқа) жергілікті бюджет қаражаты есебінен 5 мың теңге мөлшерінде бір реттік материалдық көмек көрсетіледі», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.  

Хабарда айтылғандай, жыл сайын 1 қазанда Қазақстанда Халықаралық қарттар күні аталып өтеді.

«Сондай-ақ, 1 қазанда Ардагерлер ұйымының белсенділері ҰОС ардагерлерінің, зейнеткерлердің үйлерін аралайды. Қарттар күніне орай «Алматы» ауданының әкімдігі ауданға қарасты Ардагерлер ұйымы және кәсіпкерлермен бірлесіп 150 зейнеткерге, соның ішінде ҰОС және тыл еңбеккерлеріне арнап қайырымдылық ас береді», - делінген хабарда.

Бұдан бөлек, 1 қазанда Қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемеде 270 зейнеткерге шипажайлық-курорттық емделу қызметі көрсетіледі.

Сондай-ақ, Қарттар күніне орайластырған бірқатар спорттық шаралар ұйымдастырылады.  

«Бұл күні шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ және басқа да халық ойындарынан шағын орталықтарда жарыстар өткізіледі. Қазанның 1 күні «Жастар» сарайының киноконцерттік залында, сағат 19.00-де елорданың ҰОС ардагерлері мен зейнеткерлеріне арналған мерекелік концерт өтеді», - делінген хабарда.

adimage