Қарулы Күштердің бөлімшелері таулы жерде жауынгерлік шеберліктерін шыңдауда

Астана. 5 қыркүйек. ҚазТАГ - Қарулы Күштердің бөлімшелері таулы жерде жауынгерлік шеберліктерін шыңдауда, деп хабарлады ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
Баспасөз қызметінен хабарлағандай,  «Көктал» оқу-жаттығу полигонында Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрат Майкеевтің жетекшілік етуімен таулы жерде жауынгерлік іс-қимылдарды ұйымдастыру бойынша өңірлік қолбасшылықтардың қолбасшыларымен ауқымды сабақ өтуде.  
Сабақтың негізгі мақсаты биік тау жағдайларында әскерлерді басқару бойынша құрамалар штабтарының жұмыс жасау әдістемесін жетілдіру болып табылады. Сабаққа батальондық тактикалық топтар, радиоэлектрондық барлау және ұшқышсыз ұшу аппараттарының (дрондардың) күштері тартылды. Сабақ барысында шартты қарсыластың объектілерін барлау мен күресудің жоғары технологиялық құралдарын қолдана отырып, артиллерияның атысын реттеуді жүзеге асыруға айрықша көңіл бөлінді.  

adimage