Арысқа эвакуацияланған халықты кіргізу 28 маусымда сағат 8.00-де басталады - Шөкеев

Алматы. 27 маусым. ҚазТАГ – Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, Арысқа эвакуацияланған халықты кіргізу 28 маусымда сағат 8.00-де басталады, деп хабарлады өңір әкімінің баспасөз қызметінен.
«Арыс қаласының тұрғындарын ертең 28 маусым күні сағат таңғы 8.00-ден бастапұйымдасқан түрде автобустық коллоналармен кіргізе бастаймыз. Ал жеке тұлғалардың көліктерін сағат 12.00-ден бастап кіргіземіз. Тұрғындарды кіргізу үшін Арыс қаласы 17 секторға бөлінді. Осы секторларға облысымыздыңаудан, қала әкімдіктерінен 640 жауапты (1 аудан - 40 адам) азамат бекітілді. Әрбір 10 үйге 1 қызметкерден жауапты», - деп мәлімдеді Шөкеев бейсенбіде.
Ол нақтылағандай, тұрғындарды жайғастыру кезінде осы азаматтарға арыстық көше, аулалардың белсенділері көмек беретін болады.
«Қазіргі таңда Арыс қаласындағы төтенше жағдай толық бақылауға алынды. Өрт ошақтары сөндірілді. Алаңдауға еш негіз жоқ», - деп мәлімдеді облыс әкімі.
Оның айтуынша, арыстықтарға көмек ретінде «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорында арнайы есеп-шот ашылып, бүгінгі таңда 721 млн. теңге жинақталды.
«Біз елмен бірге Арыс қаласын 1 ай ішінде толық қалпына келтіріп қана қоймай, оны одан да жақсы жағдайға жеткіземіз. Ол үшін шыдам, ұйымшылдық және патриотизм керек», - деді Шөкеев.
Еске салсақ, бұған дейін хабарланғандай, 24 маусымда сағат 9.20-да өрт сөндіру қызметінің тетігіне Түркістан облысы Арыс қаласында №44856 әскери бөлімнің аумағындағы қоймада жарылыс болғаны туралы хабар келіп түскен. Қорғаныс министрлігінде нақтылағандай, қоймадағы жарылысқа өрттің шығуы себеп болған. Қорғаныс министрлігінде зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ деп мәлімдеді, ал оқиға орнына арнайы құрылған комиссия жіберілген. Сонымен қатар Арысқа Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстан қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев келді.
Аталмыш дерек бойынша Шымкенттегі ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасы ҚР ҚК 462б.1б. (қару-жарақпен, сондай-ақ айналадағыларға қауiп төндіретін заттармен және нәрселермен жұмыс істеу қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық істі тіркеді. Жағдай ішкі істер органының бақылауында.
Сондай-ақ, Түркістан облысының әкімдігінде әкімдік жанынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін «Түркістан» корпоративті әлеуметтік даму қорының құрылғанын айтты.
ҚР ІІМ ақпарынша, ТЖ салдарынан үш адам қаза тапқан, 165 адам зардап шеккен, оның 89-ы ауруханаға жатқызылса, 76-сы үйлеріне қайтарылған.
ІІМ ақпарынша, қаладан шамамен 41 мың халық эвакуацияланған, периметрі бойынша блокбекеттер қойылған, себебі үйлерге зақым келуде, сондай-ақ, жарылмаған снарядтар да бар, қалаға кіруге тыйым салынған, кіретін және шығатын көліктер тексерілуде.
Бұған дейін хабарланғандай, оқиға орнында тоғыз минасыздандыру тобы жұмыс жасап жатыр.
Сондай-ақ, құтқарушылар әскери бөлім аумағында жарылыстың тоқтағаны туралы мәлімдеді.
Бұл ретте ТЖК әлі де жарылыс қаупі сақталып отырғанын атап өтті.
Соңғы ақпар бойынша, Арыста саперлер 5.7 астам әскери снаряд табылып, олар арнайы техникамен эвакуациялануға дайындалған. инженерлік техникамен Арыс қаласының 16 учаскесіндегі барлық көшелер мен 11 шақырым теміржол төсемдері тазартылды. Қорғаныс министрлігімен бірлесе жеке және көпқабатты үйлерді тазарту жұмыстары жүргізілді.
Бұған дейін хабарланғандай, 24 маусым күні қару-жарақ жарылысы салдарынан Арыстан Шымкентке эвакуацияланған жүздеген тұрғын билкіпен кездесуді талап етіп, «Ақмешіт» мешітінің алдында жолды жауып тастағаны хабарланған еді. Кейін оларға Түркістан облысы мен Шымкент облысының әкімдері Өмірзақ Шөкеев пен Ғабидулла Әбдірахымов келді.
Шөкеев жиналғандармен «Ақмешіт» мешітінің ішінде сөйлесуге, ал Әбдірахымов сыртта сөйлесуге тырысты. Бірақ әкімдер мен жиналғандар арасында ондай диалог болмады, себебі қарсылық танытушылар бірінен соң бірі айқайлап жатты.
Арыстан эвакуацияланғандардың негізгі талабы – басқа елді мекеннен баспана мен жер беру, себебі олар Арыстағы радиациядан қауіптеніп отыр. Алайда Шөкеевтің айтуынша, қару-жарақ жарылысынан Арыста ешқандай радиация болмайды.

adimage