Алматы. 24 маусым. ҚазТАГ - Арысқа жақын маңдағы елді мекен тұрғындары өз беттерімен қауіпсіз жерлерге кетуде, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Біз (төрт адамнан тұратын отбасы – ҚазТАГ) өз көлігімізбен Мақташы ауылынан шықтық (Арысқа дейін 17,2 ш) және қазір Шыкенттеміз. Тумаларымызға келдік, уақытша тұру үшін. Бадамға дейін (Арысқа дейін – 52,9 ш) елді мекеннің барлығы эвакуацияланады деп естідік. Негізінен адамдар өз көліктерімен кетіп жатыр. Осы жарылыс болып жатқан жерден әркім қолынан келгенше кетіп жатыр. Шымкентте, құдайға шүкір, тумаларымыз көп және бәрі өздеріне шақырып жатыр. Біз өзімізге барынша жақын тумамызға барамыз. Тумаларымыздың тағы бір отбасы Сарыағашта. Қазір күйеуімнің барлық інілері отбасыларымен біздің қасымызда», - деді дүйсенбіде Мақташы ауылының бір тұрғыны.
Ол эвакуацияланғандарды Шымкенттегі балабақшаларға орналастыратын шығар деп топшылады.
«Естуімше, Шымкентте көптеген ата-аналарға балаларын балабақшадан алып кетулерін сұраған. Халықты сол жерге орналастыратын болар. Арысқа жақын елді мекендерден келгендердің барлығына Шымкентте ауыз суды тегін таратуда, біз де алдық», - деді агенттікке сұхбат беруші.
Өз кезегінде Шымкент әкімі Ғабидулла Әбдрәхымов қалада адамдарды қабылдауға жатақхана дайындалып жатқанын жеткізді.
«(…) Біз адамдарды эвакуациялау үшін жедел жәрдем каретасы мен автобустар жібердік. Қалада халықты қабылдау үшін жатақхана дайындап жатырмыз. Барлық қызмет толық дайын. Қажет болса еріктілерді көмекке шақырамыз. Әзірге керек емес. Барлығыңыздан сабырлық танытып, жарылыстың тоқтауын тілеулеріңізді сұраймын. Шымкент қаласы үшін ешқандай қауіп жоқ. Біз зардап шегушілерге көмектесеміз», - деп жазды әкім өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Еске салсақ, бұған дейін хабарланғандай, сағат 9.20-да өрт сөндіру қызметінің тетігіне Түркістан облысы Арыс қаласында №44856 әскери бөлімнің аумағындағы қоймада жарылыс болғаны туралы хабар келіп түскен. Қорғаныс министрлігінде нақтылағандай, қоймадағы жарылысқа өрттің шығуы себеп болған. Қорғаныс министрлігінде зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ деп мәлімдеді, ал оқиға орнына арнайы құрылған комиссия жіберілген. Сонымен қатар Арысқа Қзаақстан қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев келді.
Соңғы ақпар бойынша, оқиға орнында өрт сөндіру және эвакуациялық жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, зардап шеккендер анықталуда. Облыс әкімінің басшылығымен жұмыс тобы құрылған
Арыс қаласы әкімінің өкімімен халықты Арыстан 50 шақырым жердегі Монтайтас ауылдық округіне эвакуациялау жүргізіліп жатыр. Бұл үшін 20 автобус жұмылдырылды. Сонымен қатар халықты көшіру үшін Шымкент қаласының әкімдігі 36 автобус жіберді. Шымкент қаласында 15 эвакуациялау бекеті құрылды.
Елдің әр түрлі өңірінде жарылысқа байланысты жергілікті ТЖД-де қауырт желі ашылған.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ Шымкент–Арыс–Тимур учаскесіндегі жолаушылар пойызының кешіктіріліп жатқанын хабарлаған еді.
Кейін Otyrar Арыстағы қару-жарақ қоймасындағы жарылыстан онға жуық адамның зардап шеккенін хабарлады, оның ішінде үшеуінің жағдайы ауыр.
.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34