Арыс бас жобасына түзетулер енгізу үшін Т44,8 млн бөлінді

Шымкент. 10 желтоқсан. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысында Арыс қаласының бас жобасына түзетулер енгізу үшін Т44,8 млн бөлінді, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.  
«ОҚО Арыс қаласының бас жобасына түзетулер енгізу үшін Т44,8 млн бөлінді. Қажет жұмыстар жүргізілді. Одан басқа биыл Сарыағаш қаласының бас жобасы бекітілді», - деп айтқан сәулет және қала құрылыс басқарма жетекшісі Бақытжан Әшірбаевтың дәйексөзін баспасөз қызметі келтіріпті.
Ведомство басшысы атап кеткенедй, биыл Шымкентке Түркістан, Алматы мен Ташкент жақтан кіретін магистралдар жобасы жасалды. Сарыағаш ауданындағы Көктерек елді мекенінің дамуының толық жобасы әзірленіп, сондай-ақ Түркістан қаласының орталығының жобасы дайындалған. Одан басқа, Шардара қаласының дамуы үшін басқарма мамандары Шардара су қоймасының жағалауына құрылыс алу және қаланың кеңеюінің алғашқы кезеңінің жоспарын жасады.
Одан басқа, басқарма мамандары халқының саны 5 мыңнан асатын елді мекендерде құрылыс салу сұлбасын әзірледі. Қазір ОҚО 116 елді мекеннің сұлбасы әзірлену барысында жатыр.  

adimage