Астана. 14 тамыз. ҚазТАГ – Ғарыштан Қазақстан аумағында 1,1 мыңнан астам стихиялық қоқыс үйіндісі көрінді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бірінші жартыжылдықтағы ғарыштық мониторинг қорытындыларын жариялады, соның нәтижесі бойынша елімізде стихиялық қоқыс үйілген 1114 орын анықталған», - деп хабарлады жұма күні ЦДИАӨ баспасөз қызметінен.
Хабарда атап өтілгендей, жыл басталғалы 12 геосервис жұмысы өзекті етілді, 3,5 мың бірлік немесе 1,5 млн. шаршы км. тұнықтығы жоғары ғарыш түсірілімдері ұсынылды. Сондай-ақ, орташа ажыратымдылықтағы суреттер бар, олардың саны 75 бірлік немесе 440 мың шаршы км. асады.
«Ғарыш мониторингінің нәтижелері мемлекеттік органдардың өз жұмысында қолдануы үшін мамандандырылған геосервистерге жүктеледі. Бұдан басқа, деректерді интеграциялауды орындау үшін жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелерімен салыстыру тұрақты жүргізіледі.
Мысалы, ғарыштық мониторинг арқылы бүгінде жалпы ауданы 350 мың шаршы км-ден астам ауыл шаруашылығы алқаптарының пішіні өзектендірілді, шамамен 19 млн. гектар дәнді дақылға арналған егістік алаңы анықталды. Сондай-ақ, стихиялық қоқыс үйілген 1114 орын анықталды, орман ағашын кесудің 1104 полигоны қаншалықты заңға сай жұмыс істеп жатқаны талданды. Ғарыш суреттері төтенше жағдайларды анықтауға да көмектеседі: 87 мыңнан астам термальді нүкте белгілі болды және 1073 өрт оқиғасы тіркелді, өртенген аумақтың ауданы 650 мың гектардан асады», - делінген хабарда.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34