Алматы. 26 маусым. ҚазТАГ – Арыста көптеген жарылмаған снарядтар үйлерде жатыр, деп хабарлады Түркістан облысы әкімдігінен.
«Әскерилер Арыстың 16 көшесінен 70 жарылмаған снаряд жинады. Көптегені үйлерде жатыр. Қазір қалаға келудің қажеті жоқ, тіпті құжаттарды алу үшін де», - деп хабарлады сәрсенбіде Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов.
Еске салсақ, бұған дейін хабарланғандай, сағат 9.20-да өрт сөндіру қызметінің тетігіне Түркістан облысы Арыс қаласында №44856 әскери бөлімнің аумағындағы қоймада жарылыс болғаны туралы хабар келіп түскен. Қорғаныс министрлігінде нақтылағандай, қоймадағы жарылысқа өрттің шығуы себеп болған. Қорғаныс министрлігінде зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ деп мәлімдеді, ал оқиға орнына арнайы құрылған комиссия жіберілген. Сонымен қатар Арысқа Қазақстан қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев келді.
Аталмыш дерек бойынша Шымкенттегі ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасы ҚР ҚК 462б.1б. (қару-жарақпен, сондай-ақ айналадағыларға қауiп төндіретін заттармен және нәрселермен жұмыс істеу қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық істі тіркеді. Жағдай ішкі істер органының бақылауында.
Сондай-ақ, Түркістан облысының әкімдігінде әкімдік жанынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін «Түркістан» корпоративті әлеуметтік даму қорының құрылғанын айтты.
ҚР ІІМ ақпарынша, ТЖ салдарынан екі адам қаза тапқан – біреуі әскери қызметкер, біреуі Арыс тұрғыны, зардап шегушілердің екеуі жан сақтау бөлімінде жатыр, 34-і ауруханада, 12-сіне медициналық көмек көрсетілді, ауруханаға жатқызылған жоқ. Ол атап өткендей, снарядтардың ұшуынан әскери бөлім қоймасындағы өртті сөндіру қиындап отыр. Сонымен қатар, ол нақтылағандай, қаланың өзінде 23 өрт сөндіру есебі жұмыс жасап жатыр, олар 19 тұрғын үйдегі, тоғыз шаруашылық жайдағы, 14 қала маңындағы өртті сөндірген.
ІІМ ақпарынша, қаладан шамамен 41 мың халық эвакуацияланған, периметрі бойынша блокбекеттер қойылған, себебі үйлерге зақым келуде, сондай-ақ, жарылмаған снарядтар да бар, қалаға кіруге тыйым салынған, кіретін және шығатын көліктер тексерілуде.
Бұған дейін хабарланғандай, оқиға орнында тоғыз минасыздандыру тобы жұмыс жасап жатыр.
Сондай-ақ, құтқарушылар әскери бөлім аумағында жарылыстың тоқтағаны туралы мәлімдеді.
Бұл ретте ТЖК әлі де жарылыс қаупі сақталып отырғанын атап өтті.
Қатысты сілтемелер
-
Ақтөбе облысында пойыз вагондары рельстен шығып кетті27 Наурыз 2024, 16:34
-
Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилерді іріктеу жұмыстары аяқталды27 Наурыз 2024, 16:04
-
Ақтөбе әуежайы еріген су тасқынына байланысты жабылды27 Наурыз 2024, 14:51