Арыста саперлер 5.7 астам әскери снаряд тапты

Алматы. 27 маусым. ҚазТАГ - Арыста саперлер 5.7 астам әскери снаряд тапты, деп хабарлады Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
«Арыс қаласында төтенше жағдайдың салдарын жою жұмыстарына ҚР ІІМ-нің жеке құрамынан 1488 адам және 189 техника жұмылдырылды. Ал Қорғаныс министрлігінің саперлік бөлімшелерінен 43 топ тартылған. 408 адам енген топ Арыс қаласының аумағын, атап айтқанда, теміржол станциясы мен жолдарды, әскери бөлім территориясын жарылмаған оқ-дәрілерден тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Нәтижесінде 5700-ден астам снаряд табылып, арнайы техникамен көшіруге дайындалды», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда..
Әкімдік ақпарынша, осы уақытта эвакуациялық пункттерде 13187 адам бар. Оның ішінде Шымкент қаласында - 7249, Түркістан облысының аудан, қалаларында 5938 адам қоныстанды.
«Жедел штабтарда қауырт желілер ұйымдастырылып, тұрғындардан жалпы 15 мың 927 қоңырау келіп түсті», - делінген баспасөз қызметінің хабарында.
Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының ақпарынша, 277 адам медициналық көмекке жүгініп, 74-і ауруханаға жатқызылды. 3 адам қаза тапты
«Сондай-ақ, инженерлік техникамен Арыс қаласының 16 учаскесіндегі барлық көшелер мен 11 шақырым теміржол төсемдері тазартылды. Қорғаныс министрлігімен бірлесе жеке және көпқабатты үйлерді тазарту жұмыстары жүргізілді», - делінген хабарда.
Еске салсақ, бұған дейін хабарланғандай, 24 маусымда сағат 9.20-да өрт сөндіру қызметінің тетігіне Түркістан облысы Арыс қаласында №44856 әскери бөлімнің аумағындағы қоймада жарылыс болғаны туралы хабар келіп түскен. Қорғаныс министрлігінде нақтылағандай, қоймадағы жарылысқа өрттің шығуы себеп болған. Қорғаныс министрлігінде зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ деп мәлімдеді, ал оқиға орнына арнайы құрылған комиссия жіберілген. Сонымен қатар Арысқа Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстан қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев келді.
Аталмыш дерек бойынша Шымкенттегі ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасы ҚР ҚК 462б.1б. (қару-жарақпен, сондай-ақ айналадағыларға қауiп төндіретін заттармен және нәрселермен жұмыс істеу қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық істі тіркеді. Жағдай ішкі істер органының бақылауында.
Сондай-ақ, Түркістан облысының әкімдігінде әкімдік жанынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін «Түркістан» корпоративті әлеуметтік даму қорының құрылғанын айтты.
ҚР ІІМ ақпарынша, ТЖ салдарынан екі адам қаза тапқан, 165 адам зардап шеккен.
ІІМ ақпарынша, қаладан шамамен 41 мың халық эвакуацияланған, периметрі бойынша блокбекеттер қойылған, себебі үйлерге зақым келуде, сондай-ақ, жарылмаған снарядтар да бар, қалаға кіруге тыйым салынған, кіретін және шығатын көліктер тексерілуде.
Бұған дейін хабарланғандай, оқиға орнында тоғыз минасыздандыру тобы жұмыс жасап жатыр.
Сондай-ақ, құтқарушылар әскери бөлім аумағында жарылыстың тоқтағаны туралы мәлімдеді.
Бұл ретте ТЖК әлі де жарылыс қаупі сақталып отырғанын атап өтті. 26 маусымда Түркістан облысының әкімдігі әскерилердің Арыстың 16 көшесінен 70 жарылмаған снаряд жинағанын, әлі көбінің үйлерде жатқанын мәлімдеді.
Соңғы ақпар бойынша, медициналық көмекке 70 адам жүгінген, оның 45-і ауруханаға жатқызылған, үш адам қаза тапқан.

adimage