Арыстағы қару-жарақ қоймасындағы жарылысқа байланысты қауырт желі құрылды

Алматы. 24 маусым. ҚазТАГ – Арыстағы қару-жарақ қоймасындағы жарылысқа байланысты қауырт желі құрылды, деп хабарлады Алматы ТЖД баспасөз қызметінен.
«Түркістан облысы Арыс қаласындағы төтенше жағдайға байланысты Алматы ТЖД-де 8 (727) 278-20-83, 278-20-84 қауырт желісі ұйымдастырылған», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Еске салсақ, бұған дейін хабарланғандай, сағат 9.20-да өрт сөндіру қызметінің тетігіне Түркістан облысы Арыс қаласында №44856 әскери бөлімнің аумағындағы қоймада жарылыс болғаны туралы хабар келіп түскен. Қорғаныс министрлігінде нақтылағандай, қоймадағы жарылысқа өрттің шығуы себеп болған. Қорғаныс министрлігінде зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ деп мәлімдеді, ал оқиға орнына арнайы құрылған комиссия жіберілген.
Соңғы ақпар бойынша, оқиға орнында өрт сөндіру және эвакуациялық жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, зардап шеккенер анықталуда. Облыс әкімінің басшылығымен жұмыс тобы құрылған.

adimage