Арыстағы ауа, топырақ және су радиация мен ластануға қатысты жоспардан тыс тексерілді

Күні: 17:35, 01-07-2019.

Астана. 1 шілде. ҚазТАГ – Арыстағы ауа, топырақ және су радиация мен ластануға қатысты жоспардан тыс тексерілді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«2019 жылдың 29 шілдесінде (9.00 - 14.00 аралығында) «Қазгидромет» РМК филиалы Түркістан және Қызылорда облыстары бойынша жедел түрде атмосфералық ауа, топырақ, радиациялық фон мен су сынамалары алынып, жоспардан тыс іріктеу жұмыстары ұйымдастырылған», -делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Ауа сынамаларын іріктеу алты ластаушы зат бойынша сегіз нүктеде өткізілді: өлшенген заттар, азот диоксиді, азот оксиді, көміртегі оксиді, көміртегі диоксиді, күкірт диоксиді, формальдегид.
«Барлық сегіз нүктеде талдау нәтижесі бойынша ластаушы заттардың шамадан тыс болуы анықталмаған», - деді «Қазгидрометте».
Радиацияның да рұқсат етілген шамадан асуы анықталмаған. Судың ластануы да, хабарға сәйкес, тіркелмеген.
«Сынамалардағы талдау нәтижесі бойынша су беті мен ауа сынамасында жоғары және өте жоғары ластану белгілері анықталмаған», - делінген хабарда.
Осындай тексеру 30 маусымда да жүргізілген жоқ.
Еске салсақ, бұған дейін хабарланғандай, 24 маусымда сағат 9.20-да өрт сөндіру қызметінің тетігіне Түркістан облысы Арыс қаласында №44856 әскери бөлімнің аумағындағы қоймада жарылыс болғаны туралы хабар келіп түскен. Қорғаныс министрлігінде нақтылағандай, қоймадағы жарылысқа өрттің шығуы себеп болған. Қорғаныс министрлігінде зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ деп мәлімдеді, ал оқиға орнына арнайы құрылған комиссия жіберілген. Сонымен қатар Арысқа Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстан қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев келді.
Аталмыш дерек бойынша Шымкенттегі ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасы ҚР ҚК 462б.1б. (қару-жарақпен, сондай-ақ айналадағыларға қауiп төндіретін заттармен және нәрселермен жұмыс істеу қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық істі тіркеді. Жағдай ішкі істер органының бақылауында.
Сондай-ақ, Түркістан облысының әкімдігінде әкімдік жанынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін «Түркістан» корпоративті әлеуметтік даму қорының құрылғанын айтты.
ҚР ІІМ ақпарынша, ТЖ салдарынан үш адам қаза тапқан, 165 адам зардап шеккен, оның 89-ы ауруханаға жатқызылса, 76-сы үйлеріне қайтарылған.
ІІМ ақпарынша, қаладан шамамен 41 мың халық эвакуацияланған, периметрі бойынша блокбекеттер қойылған, себебі үйлерге зақым келуде, сондай-ақ, жарылмаған снарядтар да бар, қалаға кіруге тыйым салынған, кіретін және шығатын көліктер тексерілді.
Бұған дейін хабарланғандай, оқиға орнында тоғыз минасыздандыру тобы жұмыс жасады.
Сондай-ақ, құтқарушылар әскери бөлім аумағында жарылыстың тоқтағаны туралы мәлімдеді.
Бұл ретте ТЖК әлі де жарылыс қаупі сақталып отырғанын атап өтті.
Соңғы ақпар бойынша, Арыста саперлер 5.7 астам әскери снаряд табылып, олар арнайы техникамен эвакуациялануға дайындалған. инженерлік техникамен Арыс қаласының 16 учаскесіндегі барлық көшелер мен 11 шақырым теміржол төсемдері тазартылды. Қорғаныс министрлігімен бірлесе жеке және көпқабатты үйлерді тазарту жұмыстары жүргізілді.
26 маусым күні қару-жарақ жарылысы салдарынан Арыстан Шымкентке эвакуацияланған жүздеген тұрғын билікпен кездесуді талап етіп, «Ақмешіт» мешітінің алдында жолды жауып тастағаны хабарланған еді. Кейін оларға Түркістан облысы мен Шымкент облысының әкімдері Өмірзақ Шөкеев пен Ғабидулла Әбдірахымов келді.
Шөкеев жиналғандармен «Ақмешіт» мешітінің ішінде сөйлесуге, ал Әбдірахымов сыртта сөйлесуге тырысты. Бірақ әкімдер мен жиналғандар арасында ондай диалог болмады, себебі қарсылық танытушылар бірінен соң бірі айқайлап жатты.
Арыстан эвакуацияланғандардың негізгі талабы – басқа елді мекеннен баспана мен жер беру, себебі олар Арыстағы радиациядан қауіптеніп отыр. Алайда Шөкеевтің айтуынша, қару-жарақ жарылысынан Арыста ешқандай радиация болмайды.
27 маусым күні кешке қарай Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыс тұрғындары қалаларына 28 маусым күні сағат 8.00-де қайтарыла бастайды деп мәлімдеді.
28 маусымда сағат 6.00-де Арыс тұрғындары Шымкенттен үйлеріне қайта бастады. Оларды тасымалдауға 200 бірлік (150 автобус пен 50 шағын автобус) техника жұмылдырылды. Тасымалдау жалғасуда.
30 маусымда белгілі болғандай, ауруханаларда Арыстағы жарылыс салдарынан зардап шеккен әлі 50 науқас жатыр.


Жаңалықтармен бөлісу: