Арыстағы режимдік нысан аумағында оқ-дәрілерді видеоға түсіру дерегі бойынша қызметтік тексеру басталды

Күні: 15:40, 02-07-2019.

Астана. 2 шілде. ҚазТАГ – Арыстағы режимдік нысан аумағында оқ-дәрілерді видеоға түсіру дерегі бойынша қызметтік тексеру басталды, деп хабарлады ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
«1 шілдеде әлеуметтік желілер мен ақпарат агенттіктерінде Арыс қаласында тазарту барысында жиналған оқ-дәрі бөлшектері бойынша видео таралды. Аталған фрагменттердің жарылыс қаупі жоқ және арнайы күзетілетін аумақта орналасқан. Бұл жер осыған дейін әскери өнімдер фрагменттерін утилизациялау үшін пайдаланылып келді. Сондықтан утилизациялау бекетіндегі оқ-дәрі сынықтары қауіп тудырмайды. Видео түсірілімі режімдік нысанда жүргізілгенін және қауіпсіздік режімін қамтамасыз ету саласындағы құжаттың талаптары бұзылғанын ескере отырып, ҚР Қорғаныс министрлігі қызметтік тексеруді бастады», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Еске салсақ, Түркістан облысы Арыс қаласында ТЖ салдарын жою жұмыстарына жұмылдырылған ҚР Қарулы Күштері мен барлық қызмет жұмыстарын әлі де жалғастыруда. Қазіргі таңда жарылмайтын оқ-дәрілердің сынықтарын жою жұмыстары басталды.
Еске салсақ, бұған дейін хабарланғандай, 24 маусымда сағат 9.20-да өрт сөндіру қызметінің тетігіне Түркістан облысы Арыс қаласында №44856 әскери бөлімнің аумағындағы қоймада жарылыс болғаны туралы хабар келіп түскен. Қорғаныс министрлігінде нақтылағандай, қоймадағы жарылысқа өрттің шығуы себеп болған. Қорғаныс министрлігінде зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ деп мәлімдеді, ал оқиға орнына арнайы құрылған комиссия жіберілген. Сонымен қатар Арысқа Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстан қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев келді.
Аталмыш дерек бойынша Шымкенттегі ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасы ҚР ҚК 462б.1б. (қару-жарақпен, сондай-ақ айналадағыларға қауiп төндіретін заттармен және нәрселермен жұмыс істеу қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық істі тіркеді. Жағдай ішкі істер органының бақылауында.
Сондай-ақ, Түркістан облысының әкімдігінде әкімдік жанынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін «Түркістан» корпоративті әлеуметтік даму қорының құрылғанын айтты.
ҚР ІІМ ақпарынша, ТЖ салдарынан үш адам қаза тапқан, 165 адам зардап шеккен, оның 89-ы ауруханаға жатқызылса, 76-сы үйлеріне қайтарылған.
ІІМ ақпарынша, қаладан шамамен 41 мың халық эвакуацияланған, периметрі бойынша блокбекеттер қойылған, себебі үйлерге зақым келуде, сондай-ақ, жарылмаған снарядтар да бар, қалаға кіруге тыйым салынған, кіретін және шығатын көліктер тексерілді.
Бұған дейін хабарланғандай, оқиға орнында тоғыз минасыздандыру тобы жұмыс жасады.
Сондай-ақ, құтқарушылар әскери бөлім аумағында жарылыстың тоқтағаны туралы мәлімдеді.
Бұл ретте ТЖК әлі де жарылыс қаупі сақталып отырғанын атап өтті.
Соңғы ақпар бойынша, Арыста саперлер 5.7 астам әскери снаряд табылып, олар арнайы техникамен эвакуациялануға дайындалған. инженерлік техникамен Арыс қаласының 16 учаскесіндегі барлық көшелер мен 11 шақырым теміржол төсемдері тазартылды. Қорғаныс министрлігімен бірлесе жеке және көпқабатты үйлерді тазарту жұмыстары жүргізілді.
26 маусым күні қару-жарақ жарылысы салдарынан Арыстан Шымкентке эвакуацияланған жүздеген тұрғын билікпен кездесуді талап етіп, «Ақмешіт» мешітінің алдында жолды жауып тастағаны хабарланған еді. Кейін оларға Түркістан облысы мен Шымкент облысының әкімдері Өмірзақ Шөкеев пен Ғабидулла Әбдірахымов келді.
Шөкеев жиналғандармен «Ақмешіт» мешітінің ішінде сөйлесуге, ал Әбдірахымов сыртта сөйлесуге тырысты. Бірақ әкімдер мен жиналғандар арасында ондай диалог болмады, себебі қарсылық танытушылар бірінен соң бірі айқайлап жатты.
Арыстан эвакуацияланғандардың негізгі талабы – басқа елді мекеннен баспана мен жер беру, себебі олар Арыстағы радиациядан қауіптеніп отыр. Алайда Шөкеевтің айтуынша, қару-жарақ жарылысынан Арыста ешқандай радиация болмайды.
27 маусым күні кешке қарай Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыс тұрғындары қалаларына 28 маусым күні сағат 8.00-де қайтарыла бастайды деп мәлімдеді.
28 маусымда сағат 6.00-де Арыс тұрғындары Шымкенттен үйлеріне қайта бастады. Оларды тасымалдауға 200 бірлік (150 автобус пен 50 шағын автобус) техника жұмылдырылды.
29 маусымда белгілі болғандай, Шымкент пен Түркістан облысының эвакуациялық пункттеріндегі адамдардың барлығы Арысқа қайтарылған, эвапунктте ешкім қалмаған.
30 маусымда белгілі болғандай, ауруханаларда Арыстағы жарылыс салдарынан зардап шеккен әлі 50 науқас жатыр.


Жаңалықтармен бөлісу: