Астана. 24 маусым. ҚазТАГ – Арыстағы әскери бөлімдегі жарылысқа қару-жарақ қоймасындағы өрт себеп болған, деп хабарлады Қазақстан қорғаныс мнистрлігінің баспасөз қызметінен.
«Ағымдағы жылдың 24 маусымында Түркістан облысы Арыс елді мекенінің жанында орналасқан ҚР ҚК-нің қару-жарақ қоймасының бірінде оқ-дәрілер жарылып, арты өртке ұласты. Қазіргі уақытта зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда. Қорғаныс министрлігінің басшылығы атынан оқиға орнына арнайы құрылған комиссия жіберілді. Қарулы Күштеріндегі жеке құрамның күштерімен оқиғаның салдарын жою іс-шаралары ұйымдастырылды», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Еске салсақ, бұған дейін хабарланғандай, сағат 9.20-да өрт сөндіру қызметінің тетігіне Түркістан облысы Арыс қаласында №44856 әскери бөлімнің аумағындағы қоймада жарылыс болғаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына Түркістан облысы ТЖД жеке құрамдағы 52 адамы мен 12 бірілк өрт сөндіру техникасы, Шымкенттен төрт бірлік техника, жеке құрамдағы 23 адам мен бір кинологиялық есеп тобы жұмылдырылды.
Соңғы ақпар бойынша, оқиға орнында өрт сөндіру және эвакуациялық жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, зардап шеккендер анықталуда. Облыс әкімінің басшылығымен жұмыс тобы құрылған.
Арыстағы әскери бөлімдегі жарылысқа қару-жарақ қоймасындағы өрт себеп болған
