Арыстағы үйлердің 85%-на жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары керек

Күні: 18:53, 01-07-2019.

Астана. 1 шілде. ҚазТАГ – Арыстағы үйлердің 85%-на жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары керек, деп хабарлады ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Өткен аптада Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев бастаған жұмыс тобы техникалық тексеру жүргізіп, Арыс қаласында үйлердің, ғимараттар мен құрылыстардың зақымдану дәрежесін анықтады. Сапар барысында Комитет басшылығы мен мамандары арасынан құралған комиссия Арыс қаласындағы барлық үйлердің 85% жөндеу және қалпына келтіруді талап ететінін анықтады. 752 жұмысшының қатысуымен 80-нен астам құрылыс компаниясы жөндеу жұмыстарын бастады», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Ведомствода атап өткендей, бүгінгі таңда 247 жеке үй жөнделуде.
Елбасының және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық бүлінген және бұзылған объектілер 2019 жылдың 1 тамызына дейін қалпына келтірілуі тиіс.
«Түркістан облысының әкімдігі Арысты 17 секторға бөлді. Осылайша, елдің әрбір аймағы және Республикалық маңызы бар қалалар бекітілген учаскелерге құрылысшылар бригадасын жіберіп, қаланы қалпына келтіруге қатысады», - деп еске салды ҚР ИИДМ.
Еске салсақ, бұған дейін хабарланғандай, 24 маусымда сағат 9.20-да өрт сөндіру қызметінің тетігіне Түркістан облысы Арыс қаласында №44856 әскери бөлімнің аумағындағы қоймада жарылыс болғаны туралы хабар келіп түскен. Қорғаныс министрлігінде нақтылағандай, қоймадағы жарылысқа өрттің шығуы себеп болған. Қорғаныс министрлігінде зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ деп мәлімдеді, ал оқиға орнына арнайы құрылған комиссия жіберілген. Сонымен қатар Арысқа Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстан қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев келді.
Аталмыш дерек бойынша Шымкенттегі ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасы ҚР ҚК 462б.1б. (қару-жарақпен, сондай-ақ айналадағыларға қауiп төндіретін заттармен және нәрселермен жұмыс істеу қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық істі тіркеді. Жағдай ішкі істер органының бақылауында.
Сондай-ақ, Түркістан облысының әкімдігінде әкімдік жанынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін «Түркістан» корпоративті әлеуметтік даму қорының құрылғанын айтты.
ҚР ІІМ ақпарынша, ТЖ салдарынан үш адам қаза тапқан, 165 адам зардап шеккен, оның 89-ы ауруханаға жатқызылса, 76-сы үйлеріне қайтарылған.
ІІМ ақпарынша, қаладан шамамен 41 мың халық эвакуацияланған, периметрі бойынша блокбекеттер қойылған, себебі үйлерге зақым келуде, сондай-ақ, жарылмаған снарядтар да бар, қалаға кіруге тыйым салынған, кіретін және шығатын көліктер тексерілді.
Бұған дейін хабарланғандай, оқиға орнында тоғыз минасыздандыру тобы жұмыс жасады.
Сондай-ақ, құтқарушылар әскери бөлім аумағында жарылыстың тоқтағаны туралы мәлімдеді.
Бұл ретте ТЖК әлі де жарылыс қаупі сақталып отырғанын атап өтті.
Соңғы ақпар бойынша, Арыста саперлер 5.7 астам әскери снаряд табылып, олар арнайы техникамен эвакуациялануға дайындалған. инженерлік техникамен Арыс қаласының 16 учаскесіндегі барлық көшелер мен 11 шақырым теміржол төсемдері тазартылды. Қорғаныс министрлігімен бірлесе жеке және көпқабатты үйлерді тазарту жұмыстары жүргізілді.
26 маусым күні қару-жарақ жарылысы салдарынан Арыстан Шымкентке эвакуацияланған жүздеген тұрғын билікпен кездесуді талап етіп, «Ақмешіт» мешітінің алдында жолды жауып тастағаны хабарланған еді. Кейін оларға Түркістан облысы мен Шымкент облысының әкімдері Өмірзақ Шөкеев пен Ғабидулла Әбдірахымов келді.
Шөкеев жиналғандармен «Ақмешіт» мешітінің ішінде сөйлесуге, ал Әбдірахымов сыртта сөйлесуге тырысты. Бірақ әкімдер мен жиналғандар арасында ондай диалог болмады, себебі қарсылық танытушылар бірінен соң бірі айқайлап жатты.
Арыстан эвакуацияланғандардың негізгі талабы – басқа елді мекеннен баспана мен жер беру, себебі олар Арыстағы радиациядан қауіптеніп отыр. Алайда Шөкеевтің айтуынша, қару-жарақ жарылысынан Арыста ешқандай радиация болмайды.
27 маусым күні кешке қарай Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыс тұрғындары қалаларына 28 маусым күні сағат 8.00-де қайтарыла бастайды деп мәлімдеді.
28 маусымда сағат 6.00-де Арыс тұрғындары Шымкенттен үйлеріне қайта бастады. Оларды тасымалдауға 200 бірлік (150 автобус пен 50 шағын автобус) техника жұмылдырылды. Тасымалдау жалғасуда.
30 маусымда белгілі болғандай, ауруханаларда Арыстағы жарылыс салдарынан зардап шеккен әлі 50 науқас жатыр.


Жаңалықтармен бөлісу: