Арыста жыл басынан бері 24,7 км жол пайдалануға тапсырылып, 2 көпір жөнденуден өтті

Шымкент. 23 қараша. ҚазТАГ – Жыл басынан бері Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс қаласында 25 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 24,7 км жол пайдалануға тапсырылып, 2 көпір жөнденуден өтті, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
«Одан басқа, қаладағы бес көшеде кеңейту, жаяу жүргіншілердің жолдарын жөндеу жұмыстары жүргізілуде», - делінген дүйсенбі күні таратылған ақпараттық парақшада.
Сондай-ақ көшелерді жарықтандыру проблемалары шешіліп, су ағар құбырлар салынуда. Қалада барлығы 173 көше бар. Бүгінге 19 көше жөнделден өтті.
Одан басқа, Қабылсай ойпатында, Мойынтас ауыл округының асуында екі көпір жөнделді. Қабылсай ойпатындағы   бір көпір пайдалануға тапсырылды.
Одан басқа, Ақдала және Дермен ауыл округының арасында өтетін облыстық мәндегі Қожатоғай-Сарыкөл жолында екі көпір күрделі жөндеуден өтіп, олардың біреуі пайдалануға тапсырылды.
«Осы күнге дейін шешімін таппаған көпір проблемасы шешіліп, халық игілігіне қызмет етіуде», - деп баспасөз қызметінен атап өтті.  
Арыс қаласының әкімдігіне Арыс қаласы мен 6 ауылдық округ кіреді. Ауылдық округтер: Ақдала, Байырқұм, Дермене, Задария, Жиделі, Монтайтас және Қожатоғай.
Оңтүстік Қазақстан облысының құрамында 11 әкімшілік аудан, 4 қалалық әкімдік, 7 қала (Шымкенттен басқа), 13 кент, 171 ауылдық округ, 932 ауыл бар. Осы жеті қалада да кезекпен жөндеу жұмыстары жүргізіліп, көшелері асфальттанатын болады, дейді облыс әкімшілігінң баспасөз қызметінен.

adimage