Арыстан эвакуацияланған жүздеген тұрғын қарсылық белгісі ретінде Шымкентте жолды жауып тастады

Күні: 15:00, 27-06-2019.

Алматы. 27 маусым. ҚазТАГ - Арыстан эвакуацияланған жүздеген тұрғын қарсылық белгісі ретінде Шымкентте жолды жауып тастады, деп хабарлады «Азаттық Радосы».
«24 маусым күні қару-жарақ жарылысы салдарынан Арыстан Шымкентке эвакуацияланған жүздеген тұрғын билкіпен кездесуді талап етіп, «Ақмешіт» мешітінің алдында  жолды жауып тастады», - делінген бейсенбідегі хабарда.  
Жиналғандар үкіметтен ешқандай көмек алмай жатқандарына ашулы. Олар орталық қалалық мешіт жанындағы негізгі қалалық жолдың бірі Тамерлан шоссесіндегі   қозғалысты да жабуды жалғастырамыз деп қорқытуда.   Кейбірі Арыстағы бұзылған үйлеріне қайтармауларын, басқа ауылдық елді мекеннен үй мен жер берулерін талап етуде.  
Хабарда айтылғандай, жиналғандарға өзін Сәдібеков деп таныстырған облыстық әкімдік өкілі шығып, оларды мешіт аумағында сөйлесуге шақырды. Қарсылық білдірушілер одан бас тартты.  Полиция қызметкерлері жиналғандардың сыртынан қарап тұр.  
Шымкент әкімі Ғабидулла Әбдірахымов жақында брифингте зардап шегушілерге барғанын және жағдайды әкімдік қызметкерлері бақылап отырғанын мәлімдеген еді.  
Ол сондай-ақ, Арыста зардап шеккендерге «ешқандай үй берілмейтінін» де айтқан болатын.  
«Арыс тұрғындары өз үйлеріне қайтарылады, балық үйлер қалпына келтіріліп, жөндеу жұмыстары жасалады», - деді Шымкент әкімі 26 маусымдағы брифингте.  
Әкім азаматтардың зардап шегушілерге аударып жатқан гуманитарлық көмегі мен қаржысының талан-таражға түсіп жатқандығы туралы мәлімдемені теріске шығарып, «халықты дүрліктіргісі келетін» белгісіз адамдардың барын мәлім етті.  
Арыста әскери аумақ аумағында бұрын да жарылыстың болғаны айтылған.  
«2015 жылы Арыстағы жарылыстан бір адам қаза тапты. Оқиға қару-жарақты жою кезінде орын алған. 2014 жылы Арыста «Қазақжарылысөнеркәсіп» кәсіпорнында жарылыс болып, екі адам қаза тапты, бір адам жарақат алды. 2009 жылдың наурызында қорғаныс министрлігінің әскери бөліміне жақын жердегі  қаладан 2 ш. жерде ғылыми-өндірістік бірлестік қоймасында жоюға арналған қару-жарақтар жарылған. Соның салдарынан төрт адам қаза тауып, 16 адам жарақат алған еді.  Арыс горнизонының әскери қалашығының тұрғындары эвакуацияланды», - делінген хабарда.
Еске салсақ, бұған дейін хабарланғандай, 24 маусымда сағат 9.20-да өрт сөндіру қызметінің тетігіне Түркістан облысы Арыс қаласында №44856 әскери бөлімнің аумағындағы қоймада жарылыс болғаны туралы хабар келіп түскен. Қорғаныс министрлігінде нақтылағандай, қоймадағы жарылысқа өрттің шығуы себеп болған. Қорғаныс министрлігінде зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ деп мәлімдеді, ал оқиға орнына арнайы құрылған комиссия жіберілген. Сонымен қатар Арысқа Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстан қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев келді.
Аталмыш дерек бойынша Шымкенттегі ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасы ҚР ҚК 462б.1б. (қару-жарақпен, сондай-ақ айналадағыларға қауiп төндіретін заттармен және нәрселермен жұмыс істеу қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық істі тіркеді. Жағдай ішкі істер органының бақылауында.
Сондай-ақ, Түркістан облысының әкімдігінде әкімдік жанынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін «Түркістан» корпоративті әлеуметтік даму қорының құрылғанын айтты.
ҚР ІІМ ақпарынша, ТЖ салдарынан екі адам қаза тапқан, 165 адам зардап шеккен.
ІІМ ақпарынша, қаладан шамамен 41 мың халық эвакуацияланған, периметрі бойынша блокбекеттер қойылған, себебі үйлерге зақым келуде, сондай-ақ, жарылмаған снарядтар да бар, қалаға кіруге тыйым салынған, кіретін және шығатын көліктер тексерілуде.
Бұған дейін хабарланғандай, оқиға орнында тоғыз минасыздандыру тобы жұмыс жасап жатыр.
Сондай-ақ, құтқарушылар әскери бөлім аумағында жарылыстың тоқтағаны туралы мәлімдеді.
Бұл ретте ТЖК әлі де жарылыс қаупі сақталып отырғанын атап өтті. 26 маусымда Түркістан облысының әкімдігі әскерилердің Арыстың 16 көшесінен 70 жарылмаған снаряд жинағанын, әлі көбінің үйлерде жатқанын мәлімдеді.
Соңғы ақпар бойынша, медициналық көмекке 70 адам жүгінген, оның 45-і ауруханаға жатқызылған, үш адам қаза тапқан.


Жаңалықтармен бөлісу: