Арзан қонақ үйлердің жоғы және ішкі бағыттағы авиабилеттердің қымбат болуы Маңғыстаудағы туризмнің дамуына кедергі келтіруде- әкімдік

Ақтау. 17 қыркүйек. ҚазТАГ -  Арзан қонақ үйлердің жоғы және ішкі бағыттағы авиабилеттердің қымбат болуы Маңғыстаудағы туризмнің дамуына кедергі келтіруде, деп санайды Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары  Рақымбек Әміржанов.

«Біздің ландшафтар бірнеше форумда күшті әсер қалдырды. Алайда біз өңіріміздің имиджін қалыптастыра отырып, мұнда туристерді тартуға талпынбаймыз. Ал бізге Испаниядан, Жапониядан келгілері келушілер бар. Егер бізге туристер келетін болса және олар біздің дәретханаларымыздың түрін көрсе, шошитыны хақ. Ол біздің өңір туралы жаман ойда қалады. Оның үйіне оралғанда ең басты есіне түсетіні де, әңгімелейтіні де сол дәретхана болады. Мыңдаған әдемі кітапшалар мен жарнама жасауға болады, бірақ келген қонаққа қарапайым жағдайды жасай алмасақ, біздегі туризм саласының болашағына балта шапқанымыз. Ең бастысы, біздің жергілікті атқарушы орган ретінде жасауымыз керек нәрсе-инфрақұрылым жасау. Біз мұның бәрін ақырын, кезекпен жасауға тырысамыз», - деді  Р.Әміржанов халықаралық мейманханалық форумда.  

Авиабилеттер құнының қымбат болуы да өңірдегі ішкі туризмнің дамуына кері әсерін тигізіп отыр. Авиатасымал құны керосиннің бағасына тәуелді, ал ол Қазақстанда сырттан әкелінеді.  

Жергілікті атқарушы органдар теңіз жағасында қонақ үйлер мен мейманханалар саны көбейген, сондықтан «тыныш» маусым кезінде салық жүктемесін де азайту керек деп санайды.  

Еске салсақ, Ақтауда халықаралық мейманханалық форум өтіп жатыр, оған қатысушылар экономикалық дағдарыс жағдайындағы қонақ үйлердің қызметі, мейманхана бизнесін дамытуға ынталандыру механизмдері, қызмет көрсету сапасын жақсарту, барлық санаттағы қонақ үйлер бағасын төмендету мәселелері талқыланды.  

Форум аясында Германиядан, Венгриядан, Франциядан, Түркиядан, Ресейден және Әзірбайжаннан келген шетелдік сарапшылар мен жергілікті білікті мамандар Қазақстан мен Орта Азия елдеріндегі қонақ үй бизнесін дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеуде.

Мейманханалық форум 16 және 17 қыркүйекте өтіп жатыр.  

adimage