«Бюджеттiк бағдарламаның шығыстары, толық («Кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылды, экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтарға қарсы күресті қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтер», мың теңге – ҚазТАГ): 2024 жыл - 17 053 960; 2025 жыл - 18 416 580; 2026 жыл - 28 882 140; 2027 жыл - 21 602 040; 2028 жыл - 21 650 574», - деп қаржылық мониторинг агенттігінің бюджет жобасында айтылған.
Жалпы сома – Т107 605 294 000.
Бюджеттік жобаның сипаттамасы бойынша, шығыстар қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылды, экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтармен күресті қамтамасыз ету бойынша стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасының қаржылық мониторинг агенттігінің, оның аумақтық органдарының, қызметшілердің және техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын жұмыскерлердің қызметін қамтамасыз етуге бағытталған.
Мақсаты - қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылды, экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтармен күресті қамтамасыз ету қызметтерінің сапасын арттыру болып табылады.
«Міндеттер: құқық қорғау және арнаулы мемлекеттіқ органдардың қаржылық барлау бөлімшесінің материалдарын пайдалану үлесі: 2026 жылы – 84%; 2027 жылы – 88%», - деп жобада жазылған.
Фото көзі: gov.kz