Қаржылық қызметтердің клиенттерінің биометрикалық өлшемдері бойынша пилоттық жобасын іске қосу 2019 жылғы 1-тоқсанға жоспарланған

Күні: 17:17, 24-12-2018.

Алматы. 24 желтоқсан. ҚазТАГ – Қаржылық қызметтердің клиенттерін қашықтан сәйкестендіру бойынша пилоттық жобаны олардың биометрикалық өлшемдері арқылы іске қосу 2019 жылғы 1-тоқсанға жоспарланған, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметінен.
«Клиентті қашықтан сәйкестендірудің осы тетігін енгізу азаматтарға, оның ішінде алыс өңірлерде тұратын азаматтарға географиялық орналасуына байланысты емес кез келген жабдықты - смартфондарды, планшеттерді, компьютерлерді пайдалана отырып, қашықтан алу тәсілімен қаржылық қызметтерді алуға мүмкіндік береді», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Құжатта түсіндірілгендей, бұл шешім банктік шот, төлем карточкасын ашу, кредитті Интернет арқылы алу сияқты қажетті қаржылық қызметтерді қашықтан алу үшін қажет.
Қазіргі кезде ішкі істер, әділет, ақпарат және коммуникациялар министрліктерімен бірлесіп биометриялық көрсеткіштерді (бет әлпетін, даусын анықтау) және мемлекеттік дерекқордан алынатын мәліметтерді пайдалана отырып, клиенттерді онлайн сәйкестендіру мәселелері пысықталуда.


Жаңалықтармен бөлісу: