Қаржыминінің басшысы қазақстандық экономикаға мұнай құны төмендеуінің жанама әсері болуы мүмкін деп отыр

Күні: 13:36, 23-10-2014.

Астана. 23 қазан. ҚазТАГ – Оксана Скибан. Қазақстанның қаржы министрі Бақыт Сұлтанов әлем нарығындағы мұнай бағасының төмендеуінің Қазақстандағы экономикалық дамуға жанама әсері болуы мүмкін деп отыр, деп хабарлады агенттік тілшісі.  

«Себебі мұнай бағасының кез келген төмендеулері ұлттық қор кірісіне әсер етеді. Ұлттық қордың өзара қарым-қатынас  құралы мен мақсатты кепілдендірілген трансферт түріндегі бюджет есебінен біздегі республикалық бюджет салыстырмалы түрде тұрақты.   Сондықтан бұл баға тек ұлттық қорға әсер етеді. Және оның мұнай компанияларының жұмысы арқылы экономикаға да жанама әсер етуі мүмкін, сондықтан біз бұл нұсқалардың барлығын қарастырып жатырмыз», - деді Б.Сұлтанов сәрсенбідегі мәжіліс кулуарында.

Бұл ретте ол мұнайдың қандай да бір нақты бағасының жоқ екенін айтты.  

«Бізде қазір ішкі және сыртқы факторлардың ықпал етуі салдарынан туындауы мүмкін барлық нұсқалар бар, дағдарысқа қарсы жоспарлар жасалған, сондықтан біз қазір келесі жылға қарап жатырмыз,   $80 (мұнай баррелінің бағасы – ҚазТАГ) есебімен макроэкономикалық көрсеткіштерді қарастырып жатырмыз, әлбетте, (1 баррелінің бағасы – ҚазТАГ) төмен болады деген нұсқалар бар», - деді ведомство басшысы.


Жаңалықтармен бөлісу: