Асқар Смағұлов: Банктердің экономиканы несиелендіруін жандандыру үшін базалық мөлшерлеме 10% шамасында болуы керек

Алматы. 28 қараша. ҚазТАГ - Сергей Зелепухин. Қазақстан экономикасын несиелендіру қарқыны бұрынғысынша нөлге жақын маңда тұр. Екінші деңгейдегі банктерге (ЕДБ) нақты секторға несиелерді қарқынмен бөлу үшін тежеуіш факторлардың бірі ретінде Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесінің жоғары болып отырғаны. Нәтижесінде реттеуші банк институттарын экономиканы несиелендіру ынтасын жойып, өздерінің ноттарына инвестициялауды қызықты ете түседі.
Бұл жағдайды не өзгерте алады? Банктер үшін экономиканы несиелендіруін бастау үшін базалық мөлшерлеменің қандай деңгейі жарамды болар еді? Және реттеушіге ЕДБ-лерге стресс-тестілеу жүргізуі не береді? Осы және басқа да сұрақтарға жауап беруін біз «Altyn Bank» АҚ басқарма төрағасы Асқар Смағұловтан сұраған едік.


- Асқар Сағидоллаұлы, 14 қарашада Ұлттық банк базалық мөлшерлемені тағы да 0,5% төмендетіп, 12%-ға түсірді. Бірақ экономиканы несиелендіруді ынталандыруға бұл жеткіліксіз деген пікір бар. Сіз Ұлттық банктің ағымдағы саясатын қалай бағалаған болар едіңіз? Ол бұрынғысынша тым қатал емес па екен?



- Өздеріңіз білетіндей, бәрі де салыстырмалы түрде танылады. Биыл жыл басында ақшалай нарықтағы мөлшерлеме 200%, 300% және 400% болды. Кейбір күндері ол тіпті 640% болды. Сондықтан онымен салыстырғанда қазіргі мөлшерлеме барабар болып табылады.
Бірақ Ұлттық банктің қазіргі мөлшерлемесі экономиканы ынталандыруға септігін тигізер ме екен, меніңше, жоқ деп ойлаймын. Банктер қазіргі мөлшерлеме кезінде реттеушінің ноттарына салу арқылы қанша пайда табатынын есептеп отыр, әрине, ол есептеулер нақты секторды несиелендіру пайдасына емес екені анық.
Бірақ инфляцияның төмендеуімен біз Ұлттық банк ақшалай-несиелік саясатын да жұмсарта түседі деп күтудеміз. Бұл жағдайда жағдай банктердің экономиканы несиелендіру пайдасына қарай өзгереді деп күтуге болады.
Қазіргі Ұлттық банктің ақпараттық саясатының, шешім қабылдаудағы ашықтығы бұрынғыдан әлдеқайда жақсарғаны оған деген сенім беріп отыр. Реттеуші нарыққа не болуы керектігіне, қандай жағдайда ол қандай шаралар жасайтыны туралы нақты сигнал беріп отыр.
Осыдан келіп нарық ойыншылары өздерінің не күтетінін ойластырады, мысалы, егер мұнай бағасы көтерілетін болса, теңге бағамы нығайса, онда базалық мөлшерлеменің кезекті төмендеуі болады. Яғни реттеушінің ашық ақпараттық саясаты жағдайында нарық ойыншылары Ұлттық банк қандай да жағдайда не істер екен деп бал ашпайтын болады.


- Банктер экономиканы белсенді несиелендіруін бастауы үшін базалық мөлшерлеме қандай болуы керек деп есептейсіз?



- Мен шамамен 10% болуы керек деп ойлаймын. Салық әсерінен кейін ол шамамен 12%-ға жетеді. Бұл ретте біз есептеу кезінде несиелік қатерді де қосуымызға болады, себебі әңгіме нақты сектордың борышкері туралы болып отыр, ал оның қатері Ұлттық банк ноттарынан гөрі жоғары. Сондықтан базалық 10% мөлшерлеме банктер үшін несиелендіруді жандандыруға жақсы ынта болар еді.



- Келесі жылға белгіленген банктерді стресс-тестілеу не беретіні туралы әңгімелесейікші. Банкирлер ол процедурадан не күтеді?


- Меніңше стресс-тестілеуден күтетіндер банктер емес, реттеуші, себебі осы процедураға негізгі тапсырыс берушілер осылар, ал Ұлттық банк осылар арқылы банк секторына әмбебап баға бермекші.


- Яғни ресми статистикадағыдан басқаша, дәлірек пе?



- Әңгіме ол туралы емес шығар. «Бизнес-процесстерді оңтайландыру» деген ұғым бар. Оның алғашқы қадамы осы үдерістің өзгерісіне баға беру болып табылады. Бірақ әркім оны өзінше бағалай алады. Сондықтан осы әртүрлі бағалаулар тәуелсіз тарап арқылы бір ізге келтірілгені жөн. Біздің жағдайда бір аспаппен, шарты алғанда, әр ірі банктің ыстығын өлшей алатын тәуелсіз агенттік туралы болып отыр. Және осы өлшеу нәтижесі арқылы қаржыгерлер қауымдастығымен сөйлесуге болатындай, үкіметке бара алатындай т.б. болуы үшін.

 

- Стресс-тестілеу банктердің нақты қандай проблемаларын анықтауы мүмкін?


 
- Қазақстанда бақылау сапалы болғандықтан, ЕДБ стресс-тестілеу нәтижелері реттеушіге қандай да бір тосын сый жасай қоймас деп ойлаймын. Бұл бар болғаны банктік жүйе жағдайын бағалау құралының бірі ғана.
Сондықтан мен стресс-тестілеу банктердің қандай да бір проблемасын анықтауы керек дегемен келіспеймін. Ол бірыңғай және тәуелсіз әдіс арқылы банк секторының жүйесін бағалауы керек. Себебі шындығында реттеушіге ештемені анықтаудың қажеті жоқ, ол онсыз да әр банктің проблемасын 99,9%-ға өте жақсы біледі. Тіпті өте жақсы емес, тамаша біледі.


 
- Ал сіз бүгінгі таңда қазақстандық банктердің қандай басты қауіптерін көріп отырсыз?


 
- Әлбетте, банктік сектор үшін ең басты және үлкен қауіп – бұл экономикалық өсімнің бәсеңдеуі. Былтырғы девальвацияға дейін 2000 жылдан 2013 жылға дейін қазақстандық экономика орта есепте нақты мәнде жылына 6-7% өсті. Бұған бәрі үйреніп қалды – қатардағы тұтынушылар да, Ұлттық банк пен үкімет те, ірі компаниялар да, банктер де.
Ал барлығы 1998 жылғы дағдарыстан басталды, ол кезде мұнай бағасы барреліне $8 деңгейінде тұрды. Алайда 1999 жылғы теңге девальвациясынан кейін және Қытайдағы қарқынды өсімнен соң Қазақстан экономикасы мұнай бағасы өскеннен кейін шарықтай бастады. Оған қоса, дотком дағдарысынан кейін (АҚШ-тағы жоғары технологиялық NASDAQ индексінің төмендеуімен байланысты дағдарыс - ҚазТАГ) 2000 жылы ФРЖ базалық мөлшерлемені 6% --дан 1-2% дейін төмендетті.
Нәтижесінде «арзан ақша» толқыны дамушы нарықтарды жауып тастады. Яғни Қазақстандағы 2000 жылдардағы қарқынды экономикалық өсім, біріншіден, «арзан ақшалардың» пайда болуымен, екіншіден, мұнай бағасының тоқтаусыз өсімімен байланысты еді.
Және егер 2013 жылы ІЖӨ көлемі $220 млрд болса, онда 2015 жылдың екінші жартысы мен 2016 жылдың басындағы девальвацияның бірнеше толқыны салдарынан бұл көрсеткіш $120 млрд. құрап отыр. Яғни Қазақстан біздің экономикалық көлем бойынша долларлық мәнде 2008-2009 жылдар деңгейінде - 7-8 жылға артқа шегініп кеткен.
Сондықтан банктер үшін қазір үлкен проблема – бұл тұрғындар мен компаниялар тарапынан өз өнімдеріне сұраныстың төмендігі. Ал банк саласының қалған қиындықтары – соның салдары ғана. Және егер, мысалы, «Халық банк» үшін кірісті бизнес жүргізу үшін экономиканың 0%-ге жақын қарқынмен өсуі де жеткілікті болса, банк нарығындағы басқа ойыншылар үшін ең болмағанда өз проблемаларын шешу үшін ІЖӨ жоғары қарқынмен өсуі қажет.
Оның үстіне, мен біз экономика шарықтап өскен 2000 жылдардағы жағдайға қайта ораламыз деп ойламаймын. Және бұған көндігу керек. Маған жалпы 2000-2013 жылдар аралығы өзінің макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша ұзақ мерзімді трендтен ауытқыған секілді болып көрінеді.


 
- Тұрғын үй нарығыбойынша Altyn Bank-тің болжамы қандай? Не күтеміз – оның ары қарай да төмендеуін бе, әлде өсімін бе?


 
- Әрине, жылжымайтын мүлік нарығы бойынша болжам жасау қиын, себебі, Altyn Bank-те бөлшектік кредиттік портфелінің жартысынан астамы – ипотекалық займдар, біз кредит беретін келісімшарттар бағасы бойынша айтсақ, тұрғын үй құны төмендеуін жалғастыруда. Және бағаның шегі қайда екенін айту маған қиын. Содықтан мен, мәселен, бір айдан кейін бағалар күрт өзгеріп, шарықтап кетеді деп айта алмаймын.
Жағымсыз тренд сақталуда. Сатушыларға қарағанда сатып алушылар саны біраз төмен. Және оны мойындау керек біз, мәселен, бізден ипотекалық займ алғысы келетін тұлғалар санының бір жылда 2 есе азайғанын көріп отырмыз. Және бұл біздің жағдайы бар, айына 300-400 мың теңге алатын клиенттермен жұмыс жасайтынымызға қарамастан. Дегенмен осы жағдайдың өзінде ипотекалық займға сұраныс төмендеген.


 
- Сіз келесі жыл банк саласы мен экономика үшін қандай болады деп ойлайсыз?


 
- Мен келесі жылы Қазақстанның банктік жүйесі бұған қарағанда жақсы болады деп ойлаймын, себебі қазақстандық экономика жаңа жағдайға бейімделе алады деп күтемін. Және ол жүзеге асқанда банктік сала да іскерлік белсенділікті арттыруға өз үлесін барынша белсенді түрде қосатын болады.

- Сұхбатыңызға рақмет!

adimage