Асем Бекқызы Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің вице-министрі қызметіне тағайындалды

Астана. 21 қазан. ҚазТАГ – Асем Бекқызы Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметінен.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қауылысымен Нүсіпова Әсем Бекқызы Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды», - деп хабарлады сәрсенбіде ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінен.
Нүсіпова 1975 жылы Алматы қаласында туған. 1996 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «экономика» мамандығы бойынша, 1998 жылы осы университеттің магистратурасын бітірген.
ҚР Қаржы министрінің кеңесшісі, ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің қорытынды сараптау бөлімінің меңгерушісі, ҚР денсаулық сақтау вице-министрі, «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, «Астана» Халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі» АҚ бас консультанты, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы болған.

adimage