Қашағанда 2019 жылы 13 млн тонна мұнай өндіру жоспарлануда

Күні: 10:29, 29-05-2019.

Астана. 29 мамыр. ҚазТАГ – Қашағанда 2019 жылы 13 млн тонна мұнай өндіру жоспарлануда, деп хабарлады Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметінен.
«Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстандағы «ExxonMobil» басқарушы директоры Динеш Сивасамбумен кездесу өткізді. Кездесу барысында мұнай-газ саласында, соның ішінде Теңіз және Қашаған кен орындарын игеру жөніндегі бірлескен жобаларды іске асыру аясындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары мен өзекті мәселелері талқыланды.
ҚР Энергетика министрлігінің деректері бойынша, биыл Қашағанда 12,9 млн-ға жуық тонна мұнай және 8 млрд м3 газ өндіру көзделген», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, реконструкциялау жұмыстарынан кейін кен орнында тәулігіне 70 мың баррель деңгейінен бастап өндіру қайта жаңартылды.
«Біртіндеп арттыруды ескере отырып, таяу перспективада күнделікті көлем 370-400 мың баррель мұнайға жетеді», - делінген хабарда.
Сондай-ақ, Теңіз кен орнының нысандарында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
«Бұған қоса, Хазар кен орнымен бірге Қаламқас-теңіз кен орнын игеру мәселесі пысықталуда», - деді үкіметтен.


Жаңалықтармен бөлісу: