Қашағандағы мұнай өндірісінің көлемі бір жылда 60%-ға өсті

Күні: 11:41, 27-05-2019.

Астана. 27 мамыр. ҚазТАГ – Қашаған ауқымды кен орнындағы мұнай өндірісінің жылдық көлемі 60% өсті, делінген 2018 жылға арналған «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ жылдық есебнде.
«2018 жылы Қашағанда мұнай өндіру жылдық жоспардан 1 894 мың тоннаға асып, 13 219 мың тоннаны құрады. 2018 жылы мұнай өндіру көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 4 933 мың тоннаға (59,5%-ке) ұлғайды, 2017 жылдың ең маңызды техникалық жетістігі тамыз айының ортасында шикі газды кері айдаудың қауіпсіз және уақытында іске асырылуы айдаудың болмауына байланысты мұнай өндіруге шектеу қойылуы себеп болды», - делінген құжатта
Дәл осы себепті 2018 жылы газ өндіру көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 2 898 млн м³-ге (немесе 60,4%-ке) ұлғайды. Шикі газ өндірісі жылдық жоспардан 570 млн м³-ге асып, 7 697 млн м³ құрады.
«2018 жылы ҚМГ мұнай үлесін жүзеге асыру өндірісті жоспарлы тоқтату мерзімінің 2018 жылдан 2019 жылға ауыстырылуына байланысты жоспарлы жылдық көлемнен (919,17 мың тонна) 22%-ке асып, 1124,64 мың тоннаны құрады. 2018 жылы мұнайды жүзеге асырудың көрсеткіштері 2017 жылмен салыстырғанда өндіріс көлемінің артуына байланысты 76%-ке өсті», - делінген есепте.
2018 жылы ҚМГ тауарлық газының үлесін жүзеге асыру өндірісті жоспарлы тоқтату мерзімінің 2019 жылға ауыстырылуына байланысты жоспарлы жылдық көлемнен 71%-ке (176 млн м³) асып, 301.8 млн м³ құрады. Сондай-ақ, отын газын өндіру мен оңтайландыру есебінен 2018 жылы тауарлық газ 2017 жылмен салыстырғанда 35%- ке артық сатылды.
«2018 жылы ҚМГ түйіршіктелген күкірт үлесін жүзеге асыру түйіршіктелген күкірт өндірісінің тұрақсыздығына байланысты толық өндірістік қуатқа шығудың кешіктірілуіне орай жылдық жоспарды (88,20 мың тонна) 8%-ке орындамай, 81,48 мың тоннаны құрады. 2016 жылы өндіріс іске қосылғаннан кейін консорциум өзінің көлемін жылдам көбейте алды. 2017 жылдың басына қарай бірінші мақсатты деңгейге, яғни тәулігіне 180 000 баррельге қол жеткізілді», - деп хабардар етті ұлттық компаниядан.
2017 жылдың ең маңызды техникалық жетістігі тамыз айының ортасында шикі газды кері айдаудың қауіпсіз және уақытында іске асырылуы болды.
«Газды айдау көлемдерінің біртіндеп өсуі кен орнында мұнай өндіру көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. 2018 жылы оператор өндіріс көлемдерін жобаланған параметрлерге дейін арттыру бойынша жұмыстарды жалғастырды. Осы бағытта стратегия коллекторлардың мінез-құлқын есепке ала отырып, жабдықтар мен үдерістердің сенімділігін қамтамасыз ету үшін жоспарланған шараларды жүйелі түрде жүзеге асыруға негізделген. Бұл орайда негізгі басымдық – қауіпсіздік болып табылады», - деп атап өтті «ҚазМұнайГаздан».
ҚМГ "ҚМГ Қашаған Б. В." компаниясында 50% - ке иелік етеді, ол өз кезегінде Қашаған мегажобасында 16,88% - ке иелік етеді. Қалған 50%-ті немесе жобадағы 8,44 % -ті «Самұрық-Қазына» иелік етеді.
«ҚМГ Қашаған Б.В.» компаниясындағы 50% үлесті сатып алуға «ҚазМұнайГаз» U.A. Кооперативі (98,88% ҚМГ ҰК-ға тиесілі) және «Самұрық-Қазына» Қоры арасындағы Опциялық келісімге Қосымша келісімшарттың талаптарына сәйкес опционды орындау мерзімі 2018–2020 жылдар аралығынан 2020–2022 жылдар аралығына дейін ұзартылды. Қазіргі таңда Қашағанда компанияның бизнес-үдерістерін цифрландыру және цифрлық технологияларды өз қызметіне енгізу бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп отыр. Өз кезегінде бұл пайдалану мен өндірістің тиімділігін арттыруға себептесіп, жазатайым оқиғалардың алдын алуды, денсаулықты және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етіп отыр», - делінген есепте.
Қашаған – бұл Қазақстандағы теңіз мұнай-газ кен орындарын игеру бойынша алғашқы ауқымды жоба. Ол Қашаған, Қаламқас-Теңіз, Қайран және Ақтоты сияқты төрт кен орнын қамтиды. Қашаған алып кен орны соңғы он жыл ішінде ашылған ірі мұнай кен орындарының бірі болып табылады. Оның өндірілетін қорлары шамамен 2 млрд тонна (15 млрд-дан аса баррель) мұнайды құрайды. Қашаған теңіз кен орнының коллекторы Атырау қаласынан 80 км қашықтықта орналасқан және теңіз деңгейінен 4 км төмен тереңдікте жатыр. Солтүстік Каспий бойынша өнімді үлестіру туралы келісімге 1997 жылғы 18 қарашада қол қойылды. Келісімге қатысушылар (мердігер компаниялар): «КМГ Қашаған Б.В.» (16,88%), «Эни», «Тоталь», «ЭксонМобил», «Шелл» (барлығы 16,81%-тен), Қытай ұлттық мұнайгаз корпорациясы (CNPC) (8,33%), Инпекс (7,56%) болып табылады. Оператордың міндеттерін мердігерлік компаниялардың атынан әрекет ететін «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» (NCOC) компаниясы жүзеге асырады.


Жаңалықтармен бөлісу: