Қашағанда жолаушылар мен жүктерді тасымалдау үшін ауа көпшігі бар кеме пайдалануға берілді

Күні: 16:03, 26-10-2018.

Алматы. 26 қазан. ҚазТАГ – Солтүстік Каспийде ауа көпшігі бар «Каспиан Фалькон» кемесі жұмысына кірісті, деп хабарлады «Caspian Offshore Construction» (COC) ЖШС сайтынан.  
«Caspian Offshore Construction» (…) North Caspian Operating Company N.V. (NCOC) компаниясымен бұған дейін жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған Suna X ретінде белгілі ауа көпшігі бар «Каспиан Фалькон» кемесіне жұмылдыру, пайдалану және техникалық қызмет көрсету бойынша келісім жасалғанын хабарлады. (…) Кеме 2018 жылдың 17 қазанында жұмысына кірісті», - делінген хабарда.
«COC» ЖШС нақтылағандай, «Каспиан Фалькон» Қазақстанның теңіз қайраңындағы Қашаған кен орны аралдары аралығында қызметкерлер мен жүктерді тасымалдау бойынша жыл бойы қызмет көрсететін болады, сондай-ақ теңіз бен жағалау құрылғыларын қосатын бағыттар үшін де пайдаланылуы мүмкін.  
«Біз, әрине, осы жаңа жоба үшін қуаныштымыз, ол біздің ұранымызда айтылғандай қызметіміздің «кеңістігін кеңейтіп жатыр». Біз осы күрделі де, қызық жобаға атсалысқандардың әрқайсысына қажырлы еңбектері мен үнемі қолдау көрсеткендері үшін  алғыз айтқымыз келеді», - деп мәлімдеді  «Caspian Offshore Construction» ЖШС бас директоры Тимур Шарипиев.
«Каспиан Фалькон» Солтүстік Каспий жобасында жұмыс жасайтын қазіргі теңіз сервис флотының қызметін кеңейтеді», - деп атап өтті «COC» ЖШС жобасының менеджері  Энтони Аткинсон, ол «Каспиан Фалькон» кемесін бірінші болып Акутан, Аляска, АҚШ аралдарында сынап көрді.  
Хабарда нақтыланғандай,  «Каспиан Фалькон» Каспий теңізіне Аляскадан   Саутгемптон (Ұлыбритания) мен Ыстамбул (Түркия) арқылы 2018 жылдың қыркүйегінде ауыр тонналы көлік кемесімен жеткізілген.
«Каспиандандыру» бойынша жетілдіру жұмыстарын  Саутгемптонде Griffon Hoverworks Ltd компаниясы жобаны басқарушы топ  «Caspian Offshore Construction» ЖШС басшылығымен жүргізді.


Жаңалықтармен бөлісу: