Ашхабадта ТМД үкімет басшылары атом энергиясы саласындағы ынтымақтастық мәселесін талқылайды

Күні: 12:31, 18-11-2014.

Астана. 18 қараша. ҚазТАГ – Ашхабадта 21 қарашада Тәуесліз мемлекеттер достастығы (ТМД) мемлекеттерінің үкімет басшылары атом энергиясы саласындағы ынтымақтастық мәселесін талқылайды, деп хабарлады ТМД атқарушы комитетінің баспасөз қызметінен.
«Олардың біріншісі – мемлекетаралық «Уран өндірісінің ықпалына ұшыраған мемлекет аумақтарындағы жерлерінің құнарлығын қалпына келтіру» (рекультивациялау) бағдарламасын іске асыру. Бағдарлама атом энергиясы жөніндегі «Росатом» мемлекеттік корпорациясымен дайындалып, Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың мемлекетаралық кеңесімен 2012 жылы бекітілген. Оның негізгі мақсаты Орталық Азия өңірінде трансшекаралық экологиялық әлеуетті қауіптің көзі болып табылатын Қырғыз Республикасындағы (Қаджи-Сай және Мин-Куш) екі нысанның және Тәжікстан Республикасындағы (Табошар) бір нысан маңындағы жерлердің құнарлығын қалпына келтіруге бағытталған пилоттық жобаны іске асыру», - делінген ТМД атқару комитетінің баспасөз қызмет сейсенбі күні таратқан хабарында.    
Хабарда айтылғандай, бағдарлама екі кезеңмен іске асырылады. «Бірінші кезең (2013-2016 жылдары) ғылыми-зерттеу және жобалық-тексеру жұмыстарын жүргізуді, құрылыс монтаждау жұмыстарының жобасын дайындау және басқа да бірқатар ұйымдастырушылық шараларды орындауды қарастырады. Екінші кезеңде (2017-2018 жылдар) іріктеліп алынған радиациялық қауіпті нысандарда жер құнарлығын қалпына келтіру бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің негізгі элементтерін жасау және оны пысықтау», - делінген ақпараттық парақшада.  
Екінші мәселеде ТМД-ға мүше мемлекеттердің атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласында ядролық және радиациялық қауіпсіздік тұжырымдамасы көрсетілген.  
«Құжатта Достастық елдерінің аумағында ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде бірлескен және ұлттық жұмыстарды жүргізу және бірлескен шешімдерді қабылдау үшін  негізгі тұжырымдамалары, міндеттері мен оны іске асырудың басым бағыттары бекітілген. Тұжырымдаманы іске асыру үшін бірінші кезектегі шаралар жоспары жасалып, ол мақсаттық жобаларды және  ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында келешегі бар бағыттар бойынша келісім жасауды қамтиды», - делінген ақпараттық парақшада.
Одан басқа, 2011 жылғы 18 қазандағы еркін сауда туралы келісім-шартының ережелерін іске асыру барысы талданады. Бүгінге ол Арменияда, Беларусияда, Қазақстан, Молдова, Ресей мен Украинада бекітілді. Тәжікстан келісісм-шартты ратификациялау процедурасын әзірге аяқтаған жоқ. Одан басқа ол келісімге былтырғы 31 мамырда Өзбекстан қосылды.
Сондай-ақ үкімет басшылары 2011-2013 жылдары жер қойнауына барлау жасау және пайдалану жөніндегі үкіметаралық кеңес қызметіне баға береді, мұнай мен мұнай өнімдерінің нарығында баға қалыптасуы және бәсекелестік жағдайын талқылайды.
ТМД АЖТ отырысында Достастық кеңістігіндегі гуманитарлық байланыстарды нығайтуға және одан ары дамытуға бағытталған бірқатар құжаттарды қарау жоспарлануда. ТМД елдерінің үкімет басшылары ынтымақтастықтың сан алуан бағытын қамтитын 20-шақты құжат жобаларын қарастырады деп күтілуде.


Жаңалықтармен бөлісу: