Ашхабадта ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысы қорытындысы бойынша қанша құжатқа қол қойылды

Күні: 19:19, 31-05-2019.

Астана. 31 мамыр. ҚазТАГ - Ашхабадта ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырыс қорытындысы бойынша қанша құжатқа қол қойылды, ол туралы ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінде хабарланған.
«Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин Ашхабадта Түрікменстан Президенті Г. Бердымұхамедовпен кездесті және ТМД ҮБК отырысына қатысты. (…) ТМД Үкіметтері басшыларының кеңесі отырысының қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға: ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің іргелі зерттеулер саласында мемлекетаралық қатынастарды үйлестіру туралы Келісімге; ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің музей ісі саласындағы ынтымақтастығы туралы Келісімге; 2009 жылғы 20 қарашадағы ТМД-да тауарлардың шыққан елін анықтау Ережелері туралы Келісімге өзгерістер енгізу туралы Хаттамаға; 1999 жылғы 8 қазандағы Еркін сауда аймағын құру туралы Келісімге қатысушы мемлекеттер арасындағы тасымалданатын тауарларды кедендік рәсімдеу және кедендік бақылау тәртібі туралы Келісімге өзгерістер енгізу туралы Хаттамаға; 1999 жылғы 4 маусымдағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің аумағы арқылы транзит тәртібі туралы Келісімге өзгерістер енгізу туралы Хаттамаға; 2001 жылғы 28 қыркүйектегі интеллектуалды меншік нысандары болып табылатын тауарлардың кедендік шекарадан өткізілуіне кедендік бақылау Ережелер туралы ТМД үкіметтер басшылары Кеңесінің шешіміне қол қойылды», - делінген жұмадағы хабарда.
Достастықтағы биылғы жыл Түркіменстан Республикасының төрағалығымен өтіп жатыр.
«ТМД ҮБК отырысына Ресей Федерациясының Премьер-Министрі Д. Медведев, Беларусь Премьер-Министрі С. Румас, Әзербайжан Премьер-Министрі Н. Мамедов, Тәжікстан Премьер-Министрі К. Расулзода, Өзбекстан Премьер-Министрі А. Арипов, Армения вице-премьері М. Григорян, Қырғызстан вице-премьері Ж. Разаков қатысты. Шағын құрамда делегациялар басшылары ТМД-дағы экономикалық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасып, ұйымдастырушылық сипаттағы бірқатар мәселелерді шешті», - делінген хабарда.
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ТМД елдерінің нарықтары Қазақстан үшін дәстүрлі түрде басымдыққа ие екенін атап айтты. Қазақстаннның Достастық елдерімен тауар айналымы оң динамикаға ие және 2018 жылдың қорытындысы бойынша 8,4%-ға артып, $24,3 млрд-ты құрады.
«Достастық кеңістігінде сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі интеграциялау мен нығайту мақсатында нормативтік базаны жетілдіру жұмыстарының маңыздылығы аталып өтті. Таяу келешекте қызметтермен еркін саудаласу туралы келісімге қол қою ТМД елдеріне қызметтер айналымын арттыруға жол ашады», - делінген хабарда.
ҚР Үкіметінің басшысы интеграцияны дамыту арқылы сапалы өсімді күшейту шараларының қатарында өндірістік қуаттылықтар кооперациясын, көлік-логистика әлеуетін арттыруды, өзекті цифрлық күн тәртібін қалыптастыру, адами капиталды дамыту, инвестициялық ахуалды жақсартуда күш-жігерді біріктіруді атап өтті.
Атқарушы комитетке аталған ұсыныстарды жан-жақты зерделеп, оларды әзірленіп жатқан ТМД одан әрі дамыту Тұжырымдамасының және 2030 жылға дейінгі кезеңге ТМД экономикалық дамыту стратегиясының аясында қарастыру ұсынылды.
«Кеңейтілген құрамдағы отырыстың басты тақырыптары инновациялық ынтымақтастықты дамыту, зияткерлік меншік нысандарының құқығын қорғау, көлік-логистикалық және туристік салаларда өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру, цифрлық экономиканы дамыту, ғарыш саласында жобаларды іске асыру болды», - делінген хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, достастықта төрағалық ету ресейлік тарапқа ауысты.
«ТМД Үкіметтері басшылары кеңесінің кезекті отырысы биыл күзде Мәскеуде өтеді», - делінген хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, Мамин Ашхабадта Түрікменстан Президенті Г. Бердымұхамедовпен кездесіп, сауда-экономикалық қатынастардың барлық бағыттары бойынша қазақстандық-түрікменстандық ынтымақтастық перспективаларын талқылады.


Жаңалықтармен бөлісу: